|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Сапар Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Сапара Ергалиева» отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
|
4
Қараша
2026
|
Оқу айдары 🔬 Молекула және атом: Теориядан тәжірибеге!
Бүгінгі 6-сынып оқушыларымен өткен жаратылыстану сабағымызда табиғаттың ең кішкентай құрылымдық бөлшектері — атом мен молекула әлеміне үңілдік.
Сабақ барысындағы маңызды сәттер:
📖 Теория және көрнекілік: Оқушыларға молекула мен атом құрамы жан-жақты түсіндіріліп, арнайы үлгілер көрсетілді.
🧩 Практикалық жұмыс: Оқушылар өз қолдарымен атом бөлшектерінен жай және күрделі заттардың молекулаларының модельдерін құрастырып көрді. Бұл әдіс балалардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, тақырыпты тереңірек түсінуге жол ашты.
📝 Бекіту кезеңі: Жауап парақтары арқылы оқушылар негізгі ұғымдарға анықтама беріп, тест және сәйкестендіру тапсырмаларын сәтті орындады.
Тәжірибемен ұштасқан білім — әрқашан нәтижелі! ✨
География пәні мұғалімі: Акпанбетова А.Қ.
#Жаратылыстану #оқу_айдары #МектепӨмірі #ИнновациялықСабақ
|
4
Қараша
2026
|
⚖️📚 «ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП»
🇰🇿Мектебімізде 11-сынып білім алушылары «Заң мен тәртіп» курсы аясында «Жұмысқа тұру үшін түйіндеме» тақырыбында сабақ өткізілді.
📚Сабақ барысында білім алушыларға өз құқықтары мен міндеттері, заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті бұзбау және құқықтық жауапкершілік туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
👩⚖️ Білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құқықтық сауаттылықтарын арттырды.
✨ Заңды білу – өз құқығыңды қорғау, тәртіпті сақтау – өз міндетіңді орындау!
|
4
Қараша
2026
|
#Оқу_айдары
2-сынып
Тақырыбы: Екі таңбалы сандарды разрядтан аттап жазбаша қосу
Мақсаты: Білім алушыларға екі таңбалы сандарды разрядтан аттап баған түрінде жазбаша қосу тәсілін түсіндіру, есептеу дағдысын қалыптастыру.
Сынып жетекші: Галимжанова Б.Б.
|
4
Қараша
2026
|
#Көңілді үзіліс
Ойын:"Текше "
Мақсаты: Балалар нүктені, сандарды есте сақтап. ептілікке, жылдамдыққа, шыдамдылыққа баулу.
Тәрбиеші: Сапабекова Ж.Ж.
МАДс
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 4- сыныпта «Мектептің ішкі тәртіп ережелері» тақырыбында құқықтық сабақ өткізілді.
Мақсаты: Білім алушыларға мектептің ішкі тәртіп ережелерін түсіндіру, мектеп жарғысын сақтауға үйрету; Әр білім алушының құқығы мен міндетін ұғындыру.
Сынып жетекшісі: Сапабекова А.С.
#Адал_азамат_біртұтас_тәрбие
#құқықтық_сабақ
|
3
Қараша
2026
|
Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығына орай өткізілген облыстық диктантқа мектебіміздің 7-8 сынып білім алушылары қатысты.
Мақсаты:
* Өскелең ұрпақтың ұлы ағартушының өмір жолы мен шығармашылығына деген қызығушылығын арттыру;
* Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтіп, білім алушылардың сауаттылығын шыңдау, ана тіліне деген құрметін ояту.
📚 Диктант мәтіні ретінде ағартушының өсиеттері мен өнегелі өмір жолын насихаттайтын үзінділер алынды. Білім алушылар жауапкершілікпен қатысып, өз білімдерін сынады. Шара соңында қатысушыларға облыстық кітапхана басшысының сертификаты табысталды.
#ЫбырайАлтынсарин185жыл #ОблыстықДиктант
#Адалазамат
|
2
Қараша
2026
|
ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ НЕГІЗІ
Өнер мектебінде 9–11 сынып білім алушыларының қатысуымен маңызды тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараны полиция лейтенанты Эмин Гусейинов жүргізді.
Дөңгелек үстелдің негізгі тақырыбы:
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу;
Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігін қорғау.
Кездесу барысында оқушыларға зорлық-зомбылықтың алдын алу, жеке қауіпсіздік, өз құқықтарын білу және қиын жағдайларда көмекке жүгіну жолдары туралы маңызды ақпараттар берілді.
Сонымен қатар білім алушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, маманнан тұшымды жауаптар алды.
Мұндай кездесулер жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, қауіпсіз орта қалыптастыруға және өз құқықтары мен міндеттерін терең түсінуге ықпал етеді.
Қауіпсіздік – әр адамның құқығы, ал зорлық-зомбылыққа жол жоқ!
Абдулахан Э.Т.






