Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығына орай өткізілген облыстық диктантқа мектебіміздің 7-8 сынып білім алушылары қатысты.
Мақсаты:
* Өскелең ұрпақтың ұлы ағартушының өмір жолы мен шығармашылығына деген қызығушылығын арттыру;
* Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтіп, білім алушылардың сауаттылығын шыңдау, ана тіліне деген құрметін ояту.
📚 Диктант мәтіні ретінде ағартушының өсиеттері мен өнегелі өмір жолын насихаттайтын үзінділер алынды. Білім алушылар жауапкершілікпен қатысып, өз білімдерін сынады. Шара соңында қатысушыларға облыстық кітапхана басшысының сертификаты табысталды.
#ЫбырайАлтынсарин185жыл #ОблыстықДиктант
#Адалазамат






