ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Сапар Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Сапара Ергалиева» отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области
с. Әйет, ул. Ельдеса Омарова, 3
8 (71436) 3-74-71
sh_ergalyeva@mailin-roo.edu.kz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Сапар Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Сапара Ергалиева» отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз
16
Сәуір
2026

Құжаттарды қабылдау 2026 жылдың

18 маусымынан 31 тамызға аралығында электронды форматта www.egov.kz порталы арқылы қабылданады.

Қажетті құжаттар тізімі:

  1. Ата-анасы немесе заңды өкілінің атынан жазылған өтініш
  2. 3*4 көлеміндегі фотосурет
  3. Профилактикалық егу картасы (065-у нысаны)
  4. Бала денсаулығы паспорты (052-2/у нысаны)

Байланыс және мекенжай:

        •  Е.Омаров көшесі, 3 үй

        •  Телефон: 8-71436-37471

31
Наурыз
2026

Қазақстанда бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау процесін оңтайландыру мақсатында маңызды өзгерістер енгізілді. Оқу-ағарту министрлігі өткен жылдардағы тәжірибені зерделей келе, қабылдау науқанының басталу мерзімін 1 сәуірден 27 мамырға ауыстыру туралы шешім қабылдады. Бұл қадам 1- сыныпқа қабылдау процесін негізгі оқу кезеңінен бөлектеуге, мектеп әкімшілігіне түсетін жүктемені азайтуға және білім беру процесіне кедергі келтірмеу мақсатында жасалған.

Жаңа ережеге сәйкес, мектепалды даярлық бағдарламасын белгілі бір білім беру ұйымында меңгерген және оқуын сол мектепте жалғастыруға ниет білдірген балалар бірінші сыныпқа автоматты түрде қабылданады. Бұл жаңашылдық құжат айналымын айтарлықтай қысқартып, ата-аналар үшін рәсімдерді жеңілдетеді, сондай-ақ мектепалды даярлық пен бастауыш білім беру арасындағы сабақтастықты нығайтады. Сонымен қатар, ата-аналардың баласын басқа мектепте оқытуды таңдау құқығы толық сақталып, құжаттарды жалпы тәртіппен тапсыру мүмкіндігі қарастырылған.

Цифрлық жүйелердің жұмысын тұрақтандыру мақсатында биылдан бастап өтініштерді қабылдаудың өңірлік кестесі енгізіледі. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп әзірленген бұл тәсіл ақпараттық жүйелерге түсетін техникалық салмақты теңгеруге көмектеседі. Әр өңір үшін бекітілген кезең-кезеңімен қабылдау кестесі техникалық іркілістердің алдын алып, портал жұмысының үздіксіздігін қамтамасыз етеді.

Жалпы алғанда, ұсынылған өзгерістер қабылдау жүйесінің ашықтығы мен тиімділігін арттырып, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған. Бұл шаралардың білім беру ұйымдарының басқарылуын жақсартып, ата-аналар мен мектеп ұжымы арасындағы байланыстың қолайлылығын арттырады

28
Мамыр
2025

Қауіпті жерлерде ойнауға тыйым салынады!

Құрметті оқушылар!

Өмір қауіпсіздігі – басты байлық. Сондықтан келесі қауіпті жерлерде ойнауға қатаң тыйым салынады:

Құрылыс алаңдары мен қираған ғимараттарда;
Жол бойында, автотұрақтарда;
Электр бағаналары мен трансформатор жәшіктерінің маңында;
Өзен, көл, арық, канал, шұңқыр маңында;
Биік шатыр, ағаш, көпір үстінде.

Есте сақта! Қауіпті жер – ойын алаңы емес! Мұндай әрекеттер жарақат алып қалуға немесе өмірге қауіп төндіруі мүмкін.
Ата-аналарға:
Қауіпсіздік ережелерін сақтау – әр баланың өміріне кепіл!

28
Мамыр
2025

Құрметті оқушылар!
Өз өмірің мен денсаулығыңды сақтау үшін жолда жүру ережелерін есте сақта!

Жаяу жүргінші жолағымен ғана өт;
Бағдаршамның жасыл жарығы жанғанда ғана жолдан өт;
Жолды тек екі жаққа қарап барып кесіп өт;
Көлік жолына кенеттен жүгіріп шығуға болмайды;
Құлаққаппен немесе телефонға қарап жүрме – бұл қауіпті!
Автобустан түскен соң – арт жағынан емес, тек алдынан айналып өт;
Ата-аналарға:
Балаларыңызға жолда жүру ережелерін күнделікті айтып отырыңыз. Үлгі болыңыз!

28
Мамыр
2025

Құрметті оқушылар!!!

Есте сақта!
Өзен – тынығатын орын ғана емес, қауіп көзі де болуы мүмкін.
Сақтық шаралары:
Тек арнайы рұқсат етілген, күзетілетін жерлерде ғана шомыл;
Ешқашан жалғыз барма – ересек адамның бақылауы қажет;
Белгісіз тереңдікте суға секіруге болмайды;
Қатты ағыста шомылма;
Жүзуді білмесең, суға мүлде түспе;
Достарыңмен ойнап жүріп, итерісіп, қалжыңдаспа;
Құтқару құралдарын қолдануды үйрен.

Тыйым салынады:
Қайықпен немесе матраспен алыстау;
Су жағасында от жағып, қоқыс қалдыру.

Ата-аналарға:
Баланың қайда, кіммен жүргенін бақылаңыз. Өзен маңына бармауын қадағалаңыз.
Ұмытпаңыздар!!!

20
Мамыр
2025

Құрметті: Қонақтар, Ұстаздар, Ата-аналар, білім алушылар!
Сіздерді, "Сыңғырла, соңғы қоңырау" атты 9-11 сынып білім алушыларының салтанатты жиынына шақырамыз.
Өтетін орны: "Сапар Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
Мектеп алаңы, Елдес Омаров көшесі,№3. Күні: 23 мамыр.
Сағат 10:00 де.

20
Мамыр
2025

"Еліміздің болашағы дарынды жастар" тақырыбында дарынды білім алушылардың шеруі өтеді. 22.05.25 жыл.

© 2026. Все права защищены.