|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Сапар Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Сапара Ергалиева» отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы «Заң және Тәртіп» идеологемасын, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру шеңберінде, сондай-ақ кибербуллингтің, интернет-алаяқтықтың алдын алу, кәмелетке толмағандарды құқыққа қайшы қызметке тартуға және тыйым салынған контентті қарауға жол бермеу мақсатында ағымдағы жылдың 6 қарашасында «Менің телефоным – менің қауіпсіздігім» тақырыбында 6-сыныпта профилактикалық сабақ өтті.
Сынып жетекші: Абдина А.Е
#АдалАзамат
#ЗаңменТәртіп
|
6
Қараша
2026
|
«ФИЗИКА – ҚЫЗЫҚ ҒЫЛЫМ!» ✨🔬
Мектебімізде «Физика – қызық ғылым» үйірмесінің кезекті сабағы қызықты тәжірибелер мен тың жаңалықтарға толы өтті! ⚡🔍
👩🔬 Жас зерттеушілеріміз зертханалық құралдармен жұмыс жасап, түрлі физикалық тәжірибелер жүргізді. Оқушылар өз қолдарымен тәжірибе жасау арқылы бақылау, өлшеу, салыстыру және қорытынды шығару дағдыларын жетілдірді.
💡 Үйірменің мақсаты:
Оқушылардың физика пәніне қызығушылығын арттыру, зерттеушілік қабілеттерін дамыту, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру.
🌟 Әр тәжірибе – жаңа білімге қадам, әр жаңалық – үлкен ғылымға бастар жол!
🚀 Бүгінгі ізденімпаз оқушы – ертеңгі жаңалық ашатын ғалым!
❤️ Физиканы бірге зерттейік, бірге үйренейік, бірге жаңалық ашайық!
#ФизикаҚызықҒылым #ЖасҒалымдар #ЖасЗерттеушілер #ҚызықтыФизика #ҮйірмеЖұмысы #ҒылымӘлемі #ТәжірибеАлаңы #БілімМенҒылым #АдалАзамат
|
5
Қараша
2026
|
#Оқу_айдары
2-сынып
Тақырыбы: Екі таңбалы сандарды разрядтан аттап жазбаша айзату
Мақсаты: Білім алушыларға екі таңбалы сандарды разрядтан аттап баған түрінде жазбаша азайту тәсілін түсіндіру, есептеу дағдысын қалыптастыру.
Сынып жетекші: Галимжанова Б.Б.
|
4
Қараша
2026
|
"Эко жастар" конкурсы. «Табиғатты аяла» тақырыбында бейне баян сайысына 8-сынып білім алушысы Берік Айару қатысты.
Жетекшісі: Айтуғанова Гаухар Нұрымжанқызы.
#Экожастар
|
4
Қараша
2026
|
«Жас эколог» үйірмесі
Табиғатты аялау – әрқайсымыздың міндетіміз! 🌱
«Жас эколог» үйірмесінің кезекті сабағында білім алушылар қоршаған ортаны қорғау, тазалық сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында жұмыстар жүргізді.
Табиғатқа деген сүйіспеншілік кішкентай қадамдардан басталады. Әрбір игі іс – жасыл болашаққа қосылған үлес!
🌍 Табиғатты қорғайық, қоршаған ортаны аялайық!
#ЖасЭколог #ТазаҚазақстан #АдалАзамат
|
4
Қараша
2026
|
#оқу_айдары
04.11 күні химия пәнінің мұғалімі Ильясова Сауле Айтуаркызы "Лисаков қаласы білім бөлімінің мектеп-гимназиясы" мұғалімімен бірігіп, 7-сынып білім алушыларымен Zoom конференциясы арқылы кіріктірілген сабақ өткізіп, іс-тәжірибемен бөлісті.
|
4
Қараша
2026
|
МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ - МАҢЫЗДЫ ІС. Білім беру сапасын арттыру және оқушыларға тең мүмкіндіктер жасау мақсатында облыстық мамандандырылған мектептер мен Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне (НЗМ) түсу бағытында кешенді кәсіптік бағдарлау жұмыстары жүргізілуде. Осыған орай, 2026 жылдың 4- қарашасында оқу орындарын таныстыру және түсу шарттарын түсіндіру мақсатында онлайн-семинарлар өтті. Семинарға 5-сынып білім алушыларының ата-аналары қатысып, қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Педагог-кәсіптік бағдар беруші: Акпанбетова А.Қ. #кәсіптікбағдар #болашақмамандығы #профориентация






