|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Сапар Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Сапара Ергалиева» отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 7-сынып білім алушыларымен "Жас ерекшеліктеріне байланысты шектеулер мен қауіпсіз" тақырыбында қауіпсіздік сағаты өткізілді.
Мақсаты: Білім алушыларға алад еңбек ету, мектептің ішкі тәртіп ережелерін орындау және жауапкершілікпен қарау туралы түсінік қалыптастыру.
Сынып жетекшісі: А.Акпанбетова
#Адал_азамат_біртұтас_тәрбие
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 7-сынып білім алушыларымен "Адал азамат. Адал еңбек. Адал табыс" тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Ы.Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай сынып сағаты ағартушының еңбек жолына арналды.
Мақсаты: Білім алушыларға алад еңбек ету, мектептің ішкі тәртіп ережелерін орындау және жауапкершілікпен қарау туралы түсінік қалыптастыру.
Сынып жетекшісі: А.Акпанбетова
#Адал_азамат_біртұтас_тәрбие
🌿 🍂«Таза Қазақстан» жобасы аясында 6-сынып білім алушысы Сәлімжан Алина үй ауласын тазалап, ағаштардың түскен жапырақтарын жинау жұмыстарына қатысты. 🌳🍁
Тазалықты сақтау – әрбір азаматтың міндеті. Табиғатты аялау, қоршаған ортаны таза ұстау отбасынан басталады!
Сынып жетекшісі: Абдина А. Е.
🌱 Таза Қазақстан – жарқын болашақ!
#ТазаҚазақстан #ТазаАула #КүзгіДемалыс #ЕңбекТәрбиесі
«Абайлаңыз: интернет-алаяқтық! Әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік. Фишинг пен жалған ақпаратты қалай тануға болады?» тақырыбында 8-сынып білім алушыларымен сынып сағаты өткізілді.
Мақсаты: Білім алушыларға интернет-алаяқтықтың түрлерін түсіндіру, әлеуметтік желілерді қауіпсіз пайдалану дағдыларын қалыптастыру, фишинг пен жалған ақпаратты ажырата білуге үйрету.
Сынып жетекшісі: Сапабекова А.С.
|
21
Қазан
2026
|
#Оқу_айдары
Білім алушылардың оқу деңгейін арттыру, пәндерге деген қызығушылығын ояту және алған білімдерін тереңдету мақсатында 4- сынып білім алушыларымен математика, қазақ тілі, жаратылыстану пәндерінен қосымша сабақ өткізілді.
Сабақ барысында білім алушылар математикалық есептер шығарды.
Қазақ тілі пәнінен мәтін бойынша жоспар құрып, сауатты жазу дағдыларын жетілдірді.
Жаратылыстану пәні бойынша танымдық білімдерін арттырды.
Сынып жетекші: Сапабекова А.С.
#қосымша_сабақ
|
21
Қазан
2026
|
#Оқу_айдары
Оқуға құштар мектеп 10 - сынып
Мақсаты: Білім алушыларды ертегілер әлеміне қызықтыру, адамгершілік мәдениетін қалыптастыру, оқуға баулу.
Сынып жетекшісі: Джақсылықова Р.Д.
#оқуға_құштар_сынып
#адал_азамат_бiртұтас_тәрбие
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 10 - сыныпта «Республикам - мақтанышым!» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Мақсаты: оқушыларға Отан туралы мағлұмат беру, патриоттық сезімін ояту және мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге тәрбиелеу
Сынып жетекшісі: Джақсылықова Р.Д.
#Адал_азамат_біртұтас_тәрбие






