|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Сапар Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Сапара Ергалиева» отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
|
4
Қараша
2026
|
МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ - МАҢЫЗДЫ ІС. Білім беру сапасын арттыру және оқушыларға тең мүмкіндіктер жасау мақсатында облыстық мамандандырылған мектептер мен Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне (НЗМ) түсу бағытында кешенді кәсіптік бағдарлау жұмыстары жүргізілуде. Осыған орай, 2026 жылдың 4- қарашасында оқу орындарын таныстыру және түсу шарттарын түсіндіру мақсатында онлайн-семинарлар өтті. Семинарға 6-сынып білім алушыларының ата-аналары қатысып, қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Педагог-кәсіптік бағдар беруші: Акпанбетова А.Қ. #кәсіптікбағдар #болашақмамандығы #профориентация
|
4
Қараша
2026
|
#Оқу_айдары
2-сынып білім алушыларымен математика, қазақ тілі, әдебиеттік оқу пәндерінен қосымша сабақ өткізілді.
Мақсаты: Білім алушылардың үй тапсырмаларын өз бетінше және сапалы орындауына көмектесу, сабақ барысында алған білімдерін бекіту, біліміндегі олқылықтарды толықтыру. Уақытты тиімді пайдалануға, жауапкершілікке және ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сынып жетекші: Галимжанова Б.Б.
|
4
Қараша
2026
|
МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ - МАҢЫЗДЫ ІС. Білім беру сапасын арттыру және оқушыларға тең мүмкіндіктер жасау мақсатында облыстық мамандандырылған мектептер мен Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне (НЗМ) түсу бағытында кешенді кәсіптік бағдарлау жұмыстары жүргізілуде. Осыған орай, 2026 жылдың 4- қарашасында оқу орындарын таныстыру және түсу шарттарын түсіндіру мақсатында онлайн-семинарлар өтті. Педагог-кәсіптік бағдар беруші: Акпанбетова А.Қ. #кәсіптікбағдар #болашақмамандығы #профориентация
|
4
Қараша
2026
|
Оқу айдары
5-6 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне дайындық аясында 6-сынып оқушысы Ақпанбет Қайсармен келесі жұмыстар атқарылды:
📚 Өткен жылғы тапсырмалар: Алдыңғы жылдардың олимпиада сұрақтары талданды.
✍️ Қателермен жұмыс: Мектепішілік кезеңде жіберілген қателер қайта қаралып, түзетілді.
💻 Цифрлық платформалар: Интерактивті платформалардың көмегімен «Күн жүйесі және планеталар» тақырыбы терең түсіндіріліп, бекіту тапсырмалары сәтті орындалды. География пәні мұғалімі: А.Қ. Акпанбетова #Жаратылыстану #Олимпиада2026 #оқуайдары #ТаланттыОқушылар #КүнЖүйесі
|
4
Қараша
2026
|
#Оқу_айдары
Оқуға құштар мектеп
Мақсаты : Білім алушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ертегілер арқылы адамгершілік құндылықтарды бойына сіңіру және рухани мәдениетін қалыптастыру.
✨ Кітап оқу – білімге бастар жол!
#Оқуға_құштар_мектеп
#Оқуға_құштар_сынып
#Адал_азамат_біртұтас_тәрбие
|
4
Қараша
2026
|
Оқу_айдары
Бастауыш сынып білім алушыларының білім сапасын арттыру, пәндерге деген қызығушылығын ояту және білімдерін тереңдету мақсатында математика, әдебиеттік оқу және жаратылыстану пәндерінен қосымша сабақтар өткізілді.
➗ Математика пәнінде оқушылар есептер шығарып, логикалық ойлау қабілеттерін дамытты.
📖 Әдебиеттік оқу сабағында мәтіндерді мәнерлеп оқып, оқығандарын түсіну және өз ойларын еркін жеткізу дағдыларын жетілдірді.
🌿 Жаратылыстану пәнінде қоршаған орта туралы білімдерін толықтырып, табиғат құбылыстарын танып-білуге қызығушылықтарын арттырды.
4-сынып
Сынып жетекшісі: Сапабекова А.С.
#ҚосымшаСабақ
|
4
Қараша
2026
|
оқу айдары.
9-сыныпта қазақ әдебиеті пәнінен Нысанбай жырау «Кенесары – Наурызбай» жыры тақырыбы бойынша сабақ өткізілді. Нысанбай жыраудың «Кенесары – Наурызбай» дастанына сюжеттік-композициялық талдау жасалды. Сабақ барысында құндылықтарға аса назар аударылды. Проблемалық сипаттағы сұрақтарға жауап берілді.
Пән мұғалімі: М.Кабылдина
#Адалазамат
#Әдебиетсабағы






