|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Сапар Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Сапара Ергалиева» отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
«Адал азамат: Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында, "25-қазан - Республика күні" мерекесіне орай 4-сынып білім алушылары “Менің Қазақстаным” атты видео челленджге қатысты.
Сынып жетекшісі: Сапабекова А.С.
#адал_азамат_біртұтас_тәрбие
#Republic Day
|
21
Қазан
2026
|
Мектебімізде эвакуациялық жаттығу өткізілді
Мектебімізде оқушылар мен мұғалімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында эвакуациялық жаттығу өткізілді. Жаттығу барысында оқушылар мен мектеп қызметкерлері қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, ғимараттан белгіленген тәртіппен сыртқа шықты. Іс-шараның негізгі мақсаты – төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру және қауіпсіздік шараларын пысықтау.
Жауапты: АӘД пән мұғалімі Едресов Н.К.
«Даналық мектебі» клубының «Ата өсиеті» бағыты бойынша «Туыстық қарым-қатынас – баға жетпес байлық» атты тақырыбында іс-шара өтті. Мақсаты:Өскелең ұрпақ пен ата-аналарға туыстық қатынастардың өмірдегі маңыздылығын түсіндіру, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ағайын-туыс арасындағы бауырмалдық пен сыйластықты нығайту.
#АдалАзамат
#Даналықмектебі
#Аталармектебі
«Қыран елім – Қазақстаным» акциясы аясында 25 қазан – Республика күніне орай 6-сынып білім алушылары барша қазақстандықтарды ұлттық мерекемен құттықтайды!
✨ Білім алушылар Отанға деген сүйіспеншіліктерін білдіріп, туған жерге арналған жүрекжарды тақпақтарын мәнерлеп оқыды.
🇰🇿 Республика күні құтты болсын!
Жаса, жайна, Қазақстаным!
#ҚыранЕлімҚазақстаным
#Republic Day
#25Қазан
#МеніңҚазақстаным
|
21
Қазан
2026
|
«Ақиқат алаңы» дебат үйірмесі
📌 Тақырыбы: «Қалалық өмір ауылдық өмірден артық па?»
🎯 Мақсаты: Оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту, өз пікірін еркін әрі дәлелді жеткізуге, қарсы тараптың көзқарасын құрметтеуге үйрету. Қала мен ауыл өмірінің артықшылықтары мен ерекшеліктерін салыстыра отырып, өзекті мәселелерді талқылау арқылы оқушылардың шешендік өнері мен пікірталас мәдениетін қалыптастыру.
Үйірме жетекшісі:Мұрат Т.А.
"Таза Қазақстан: Өнегелі ұрпақ" тақырыбы бойынша білім алушыларды туған жерді сүюге, қоршаған ортаны таза ұстауға, табиғатты аялауға және ұлттық тәрбие мен өнегелілік құндылықтарына баулу.
Күзгі табиғат сыйлықтарымен (жапырақтармен) жұмыс жасай отырып, балалардың қол моторикасын, қиялын, шығармашылық қабілетін және эстетикалық талғамын дамыту. Күзгі жапырақтарды түрлерімен түрлі аппликация жасаудың әдіс-тәсілдерін меңгерту.
#АдалАзамат
#ТазаҚазақстан
25 қазан – Республика күніне орай "Сапар Ерғалиев атындағы ЖББМ" ұстаздар ұжымы болып Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындады! 🇰🇿
Әрбір орындалған әуен жүрегімізге патриоттық сезім ұялатып, туған елге деген мақтанышымызды арттырады.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, көк туымыз әрдайым биікте желбіресін! 💙💛
Республика күні құтты болсын!
#РеспубликаКүні #25Қазан
#Republic Day #МемлекеттікӘнұран






