|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Сапар Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Сапара Ергалиева» отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
|
2
Қараша
2026
|
ЖЕҢІСПЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Өнер мектебінің білім алушылары Астана қаласында өткен республикалық музыкалық әдебиет байқауында Қостанай облысының намысын абыроймен қорғап, жүлделі орындарға ие болды!
🥇 Берік Айару – І орын
🥈 Сәукен Айару – ІІ орын
🥈 Жақан Аяулым – ІІ орын
Жас өнерпаздарымызды жарқын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жетістік – білім алушылардың таланты мен ізденісінің, ұстаздардың еңбегі мен кәсіби шеберлігінің жемісі.
Жетекшісі: Мажитқызы Алия.
Өнерлерің өрге жүзсін! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жеңіс тұғырынан көріне беріңдер! 🌟
Жетекшісі: Мажитқызы Алия.
Жеңісті күндеріңіз көп болсын!
Абдулахан Э. Т.
|
2
Қараша
2026
|
«Адал азамат: Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында 11-сынып білім алушылары
Мемлекеттік Әнұранды орындады.
Мақсаты: Өскелең ұрпаққа мемлекеттік Елтаңба ,Ту, Әнұран туралы түсініктерін насихаттау.
Сынып жетекшісі: Бимуратова А.И.
#адал_азамат_біртұтас_тәрбие
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 11-сынып білім алушыларымен «Адал азамат. Адал еңбек. Адал табыс» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағатының мақсаты: Білім алушыларға адалдықтың, еңбектің және адал жолмен табыс табудың маңызын түсіндіру; Еңбекті құрметтеуге, жауапкершілікке, әділдікке тәрбиелеу.
Сынып жетекшісі: Бимуратова А.И.
#Адал_азамат_біртұтас_тәрбие
#сынып_сағаты
|
2
Қараша
2026
|
#Оқу_айдары
2-сынып білім алушыларымен математика, қазақ тілі, әдебиеттік оқу пәндерінен қосымша сабақ өткізілді.
Мақсаты: Білім алушылардың үй тапсырмаларын өз бетінше және сапалы орындауына көмектесу, сабақ барысында алған білімдерін бекіту, біліміндегі олқылықтарды толықтыру. Уақытты тиімді пайдалануға, жауапкершілікке және ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сынып жетекші: Галимжанова Б.Б.
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 2-сынып білім алушыларымен "Үйдегі қауіпсіздік ережелері” тақырыбында қауіпсіздік сағаты өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларға үй жағдайында кездесетін қауіп-қатерлер туралы түсінік беру, электр құралдарын, газды, өткір және ыстық заттарды қауіпсіз пайдалану ережелерін үйрету. Қауіпті жағдайларда дұрыс әрекет етуге, сақтыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сынып жетекшісі: Галимжанова Б.Б.
#Адал_азамат_біртұтас_тәрбие
#қауіпсіздік_сабағы
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 4-сынып білім алушыларымен «Адал азамат. Адал еңбек. Адал табыс» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағатының мақсаты: білім алушыларға адалдықтың, еңбектің және адал жолмен табыс табудың маңызын түсіндіру; Еңбекті құрметтеуге, жауапкершілікке, әділдікке тәрбиелеу.
Сынып жетекшісі Сапабекова А.С.
#Адал_азамат_біртұтас_тәрбие
#сынып_сағаты
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 5-сынып білім алушыларымен «Адал азамат. Адал еңбек. Адал табыс» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағаты барысында білім алушылар адал еңбектің маңызы, жауапкершілік, тәртіп пен адалдық құндылықтары туралы ой бөлісті. Сонымен қатар мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтау, өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарау мәселелері талқыланды.
Адал еңбек – адал табыстың негізі, ал жауапкершілік – азаматтықтың белгісі!
Сынып жетекшісі Айтуғанова Г.Н.
#Адал_азамат_біртұтас_тәрбие






