|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Сапар Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Сапара Ергалиева» отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
«Адал азамат: Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында, "25-қазан - Республика күні" мерекесіне орай 7-сынып білім алушылары
Мемлекеттік Әнұранды орындады.
Мақсаты: Өскелең ұрпаққа мемлекеттік Елтаңба ,Ту, Әнұран туралы түсініктерін насихаттау.
Сынып жетекшісі: Акпанбетова А.Қ.
#адал_азамат_біртұтас_тәрбие
|
19
Қазан
2026
|
🍂👑 «КҮЗ ХАНШАЙЫМЫ» БАЙҚАУЫ 👑🍂
Мектебімізде алтын күздің әсемдігін айшықтаған «Күз ханшайымы» байқауы өтті! 🌻🍁
Байқау барысында қатысушылар өздерінің сұлулығын, шығармашылығын, өнері мен тапқырлығын көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. 💐✨
Күздің көркіндей құлпырған аруларымызға алғыс білдіреміз! Әр қатысушыға шабыт, сәттілік және жаңа жетістіктер тілейміз!
Жауапты Айтуғанова Г.Н. ,Абдулахан Э.Т.
#КүзХаншайымы #АлтынКүз #МектепӨмірі #ӨнерліЖастар #АдалАзамат
|
19
Қазан
2026
|
«ҚАЗАҚСТАННЫҢ 25 РӘМІЗІ» — 3 - СИМВОЛ: “Менің Қазақстаным, менің мақтанышым!✨
🇰🇿 Республика күніне арналған «Қазақстанның 25 рәмізі» айдары жалғасуда! Бүгінгі шығарылымда біз өз тарихымызды, мәдениетімізді бағалай білуіміз. Біз салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрыптарымызды сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуді насихаттаймыз. 🇰🇿
#Менің Отаным Қазақстан, #Республика күні #2026 25 қазан
|
19
Қазан
2026
|
🍎 «КҮЗ СЫЙЫ» БАЙҚАУЫ 🍁🌾
Мектебімізде алтын күздің молшылығын, табиғаттың әсемдігін дәріптейтін «Күз сыйы» байқауы өтті!
Байқау барысында білім алушылар күзгі өнімдерден ерекше композициялар жасап, өздерінің шығармашылық қабілеттері мен қиял байлықтарын көрсетті. Әрбір жұмыс күздің әсемдігін бейнелеп, қатысушылардың шеберлігі мен ізденісін танытты.
Барлық қатысушыларға белсенділіктері мен шығармашылық еңбектері үшін алғыс білдіреміз! Еңбектеріңіз жемісті, жетістіктеріңіз мол болсын!
Жауапты Абдулахан Э.Т.
Айтуғанова Г.Н.
#КүзСыйы #АлтынКүз #ШығармашылықБайқау #МектепӨмірі #АдалАзамат #КүзКөркі
|
19
Қазан
2026
|
#Оқу_айдары
Мектебімізде 10–11 сынып білім алушылары арасында дәстүрлі республикалық «Алтын түлек» математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі ұйымдастырылды.
Олимпиаданың мақсаты:
Математика пәніне дарынды, қабілетті оқушыларды анықтау, олардың логикалық ойлау жүйесін дамыту және пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Білім бәсекесінде оқушылар логикалық және күрделі математикалық есептерді шешіп, өздерінің білім деңгейлері мен шеберліктерін көрсетті. Олимпиада қорытындысы бойынша озық шыққан жеңімпаздар келесі кезеңге жолдама алды.
Барлық қатысушыларға алдағы асуларда сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз! 🎓📐🔢
Пән мұғалімі:Сапабекова А.С.
|
19
Қазан
2026
|
16.10 күні мектеп асханасы ұсынған ас мәзірі
Бүгін мектебімізде азаматтық құқықтар мен зайырлы құндылықтардың «Адал Азамат — Зайырлы мемлекет — Қуатты қоғам» апталығын қорытындылауға арналған жиын өтті.
Жиында апталықтың қорытындысы шығарылып, мектептің өзін-өзі басқару ұйымының президенттігіне үміткерлердің жобалары таныстырылды. Сондай-ақ «Заң және тәртіп» қағидаты аясында мектеп ережелерін сақтау, өзгенің құқығын құрметтеу және өз ісіне жауапкершілікпен қарау мәселелеріне назар аударылды.
Белсенді азаматтық ұстаным мектеп өміріне қатысудан, адал таңдау мен күнделікті жауапты әрекеттен басталады!






