|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Сапар Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Сапара Ергалиева» отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
|
15
Қазан
2026
|
«100 АДАЛ ІС» — АДАЛДЫҚ ӨЗІМІЗДЕН БАСТАЛАДЫ!
Бүгін «Адал азамат – зайырлы мемлекет – қуатты қоғам» атты азаматтық құқықтар мен зайырлы құндылықтар апталығы аясында 8–11-сынып оқушылары арасында «100 адал іс» атты интерактивті акция өтті.
🎯 Акцияның мақсаты — оқушыларға адалдық, жауапкершілік пен әділдіктің ең алдымен күнделікті іс-әрекеттерімізден көрініс табатынын ұғындыру.
Акция барысында оқушылар бірлесіп «100 адал іс» атты стенд жасады. Әрбір қатысушы өзі жасаған немесе маңызды деп санайтын адал ісінің үлгісін стикерге жазып, ортақ стендке орналастырды.
Қателігін мойындау, уәдеде тұру, шындықты айту, табылған затты иесіне қайтару, әділ әрекет ету — адамдар арасындағы сенім мен құрметті қалыптастыратын қарапайым, бірақ маңызды істер.
Акция оқушыларға өз шешімдері туралы ойлануға және адалдықтың жай ғана сөз емес, күнделікті саналы таңдау екенін түсінуге мүмкіндік берді!
✨ 100 адал іс — үлкен сенімге бастайтын 100 кішкентай қадам!
#АдалАзамат #ЗаңЖәнеТәртіп #100АдалІс #АдалдықПенЖауапкершілік
|
15
Қазан
2026
|
🇰🇿 «ҚАЗАҚСТАННЫҢ 25 РӘМІЗІ» — 2-СИМВОЛ: “Менің тарихым!”✨
🇰🇿 Республика күніне арналған «Қазақстанның 25 рәмізі» айдары жалғасуда! Бүгінгі шығарылым тәуелсіз еліміздің тарихына арналады. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!
🇰🇿
#МеніңОтанымҚазақстан, #РеспубликаКүні2026, #25Қазан
|
15
Қазан
2026
|
#Оқу_айдары
📚 Қосымша сабақ – білімді бекіту мен жетілдіру жолы!
Білім алушылардың оқу деңгейін арттыру, пәндерге деген қызығушылығын ояту және алған білімдерін тереңдету мақсатында 4- сынып білім алушыларымен математика және жаратылыстану пәндерінен қосымша сабақтар өткізілді.
Сабақ барысында балалар математикалық есептер шығарып, логикалық тапсырмаларды орындап, жаратылыстану пәні бойынша танымдық білімдерін кеңейтті.
Сынып жетекші: Сапабекова А.С
|
15
Қазан
2026
|
«Физика – қызық ғылым» үйірмесі
🚀 Үйірме аясында білім алушылардың физика пәніне деген қызығушылығын арттыру, теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде қолдану мақсатында қызықты тапсырмалар мен танымдық жарыстар ұйымдастырылды.
🏃♂️ «Кім жылдам?» физикалық жарысында оқушылар шапшаңдық пен тапқырлықтарын сынап, белсенділік танытты.
🔍 «Қозғалысты зерттеу» тақырыбында білім алушылар қозғалыстың ерекшеліктерін зерттеп, физикалық құбылыстарды тәжірибе арқылы танып-білді.
✨ Физика – қоршаған әлемнің құпияларын ашатын, ойлануға және жаңалық жасауға жетелейтін қызықты ғылым!
#ФизикаҚызықҒылым #ФизикаҮйірмесі #КімЖылдам #ҚозғалыстыЗерттеу #ҒылымЖәнеБілім #ЗерттеуЖұмысы
|
15
Қазан
2026
|
«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП»
🇰🇿Мектебімізде 5-сынып білім алушылары «Заң мен тәртіп» курсы аясында «Мемлекеттік рәміздерге қалай құрмет көрсетеміз?» тақырыбында сабақ өткізілді.
📚Сабақ барысында білім алушыларға өз құқықтары мен міндеттері, заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті бұзбау және құқықтық жауапкершілік туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
👩⚖️ Білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құқықтық сауаттылықтарын арттырды.
✨ Заңды білу – өз құқығыңды қорғау, тәртіпті сақтау – өз міндетіңді орындау!
|
15
Қазан
2026
|
📚«ЗАҢ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ӘЛЕМІ» КВЕСТ БАЙҚАУЫ ӨТТІ!
🏫Бүгін қазан айының 14 жұлдызында 5-7 сынып білм алушылары арасында «Заң және құқық әлемі» атты квест ойынынан байқау өтті.
🎯Квесті ойынның мақсаты білім алушылардың құқықтық сауаттылығын, Ата Заң және бала құқықтары туралы білімдерін арттыру; заңдарды сыйлауға, өз құқықтарын қорғай отырып, міндеттерін жауапкершілікпен орындауға тәрбиелеу.
🔹Байқауға «Заңгерлер», «Әділет» және «Қорғаушылар» тобы бойынша үш құрама мүшелері қатысты. Квест ойыны «Құқықтық көленке», «Ертегілердің соты» және «Құқық пен міндет балансы» 3 кезеңнен тұрды. Тапсырмалар білім алушылардың жас ерекшелігіне сай, қызықты логикалық және интерактивті форматта құрастырылған болатын.
🔸Квесті ойындарына әділқазы, сарапшылық міндетті атқарған мектеп басшының тәрбие жөніндегі орынбасары: Кабылдина Макпал Досымбаевна және әлеуметтік педагог Абдулахан Элнора Тимуровна баға берді.
🔹Іс-шараға қатысушы білім алушыларға Кабылдина Макпал Досымбаевна өзінің ізгі тілегін білдіріп, сәттілік тіледі.
🔹Квесті ойыны барысында оқ бойы оза шапқан білім алушылардың арасынан әділ қазылардың шешімі бойынша квест ойынының І орынды «Заңгерлер» тобы иеленсе, жүлделі ІІ орынды «Қорғаушылар» тобы алса, ал кезекті ІІІ орынды «Әділет» тобы қанжығасына байлады.
✨Еліміздің заңын құрметтеу білім алушылардың басты парызы!
👨🏫Іс-шараны ұйымдастырушы: Сейсембай Шайзадаұлы.
|
14
Қазан
2026
|
Денсаулықты сақтау – басты құндылық.
Мектебімізде білім алушылардың денсаулығын нығайту, қауіпсіз мінез - құлық дағдыларын қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ақпараттық - түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында білім аушыларға ақпараттық бейнематериалдар көрсетіліп, төмендегі маңызды мәселелер қамтылды:
✅ балалар жарақатының алдын алу;
✅ дұрыс және пайдалы тамақтану;
✅ энергетикалық сусындарды тұтынудың алдын алу;
✅ салауатты өмір салтын ұстану;
✅ денсаулыққа жауапкершілікпен қарау.
Бейнематериалдар арқылы 11-сынып білім алушыларға өз денсаулығын сақтаудың маңыздылығы түсіндіріліп, күнделікті өмірде пайдалы әдеттерді қалыптастыруға бағытталған ақпарат берілді.
Денсаулық – адам өміріндегі ең басты құндылық. Оны сақтау – әр адамның жауапкершілігі!
Сынып жетекші: Бимуратова А.И.
#Адалазамат
#Саламаттымектеп






