|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Сапар Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Сапара Ергалиева» отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
|
13
Қазан
2026
|
#Оқу_айдары
2-сынып білім алушыларымен математика, қазақ тілі, әдебиеттік оқу пәндерінен қосымша сабақ өткізілді.
Мақсаты: білім алушылардың оқу материалын терең меңгеруіне, біліміндегі олқылықтарды толықтыруына, өздігінен жұмыс жасау және алған білімін практикалық жағдайда қолдану дағдыларын дамытуға жағдай жасау.
Сынып жетекші: Галимжанова Б.Б.
2-8 сынып оқушыларына арналған аудандық "'Зерде" республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар байқауына 5-білім алушы қатысты, барлығы да жүлделі орындарға ие болды. Байқау қорытындысы бойынша 3-орынды 2- білім алушы иеленді: 2-сынып білім алушысы Айбатырұлы Айсұлтан жетекшісі Галимжанова Балгуль Бейсенбаевна және 8-сынып білім алушысы Берік Айару жетекшісі Айтуғанова Гаухар Нұрумжанқызы. 2-орынды 4-сынып білім алушысы Дүйсебек Алинұр жетекшісі Сапабекова Акзада Салимжановна, 1-орынды 2 білім алушы иеленді: 7-сынып білім алушысы Берік Нұрнияз жетекшісі Айтуғанова Гаухар Нұрумжанқызы және 8-сынып білім алушысы Саукен Айару жетекшісі Кулмагамбетова Кулсара Шамшиновна. Облыстық кезеңге қатысатын Нұрнияз бен Айаруға сәттілік тілейміз. 💐💐💐 Басшының оқу ісі жөніндегі орынбасары: Ильясова С.А.
|
13
Қазан
2026
|
«Ақиқат алаңы» дебат үйірмесі
Тақырыбы: «Мейірімді бол»
Мақсаты: «Ақиқат алаңы» дебат үйірмесі аясында оқушылардың бойында мейірімділік, адамгершілік, жанашырлық пен қамқорлық қасиеттерін қалыптастыру. Өзара сыйластық пен ізгіліктің маңызын түсіндіру, оқушылардың сыни ойлау, өз пікірін еркін жеткізу және дәлелді сөйлеу дағдыларын дамыту.
Үйірме жетекшісі:Мұрат Т.А.
|
13
Қазан
2026
|
10 ҚАЗАН – ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІ
«Психикалық денсаулық – сапалы өмірдің негізі»
Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай педагогтермен психологиялық қолдау көрсетуге бағытталған жұмыс жүргізілді. 💚
Іс-шараның негізгі мақсаты – педагогтердің психологиялық саулығын нығайту, эмоционалдық күйзелістің алдын алу, жағымды көңіл күй қалыптастыру және кәсіби шаршауды болдырмау жолдарын насихаттау.
Жұмыс барысында педагогтер өздерінің эмоционалдық жағдайына назар аударып, жағымды психологиялық ахуал қалыптастырудың маңыздылығын түсінді. Сонымен қатар күнделікті өмірде кездесетін күйзелісті жеңу, өз эмоцияларын басқару және ішкі тепе-теңдікті сақтау жолдарына көңіл бөлінді.
🌸 Есіңізде болсын! Психикалық денсаулық – әлсіздіктің емес, өзіңе деген қамқорлықтың белгісі. Өзіңізге уақыт бөліңіз, сезімдеріңізді тыңдаңыз және қажет кезде қолдау сұраудан тартынбаңыз.
💚 Дені сау, көңілі тыныш педагог – жарқын болашақтың кепілі!
Өткізген: педагог-психолог М. Жортынбаева
#ПсихикалықДенсаулықКүні #ПедагогтергеПсихологиялықҚолдау #ПсихологиялықСаулық
|
13
Қазан
2026
|
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 4- сыныпта “Пара деген не?” тақырыбында құқықтық сабақ өткізілді.
Мақсаты: Білім алушыларға “пара” және “жемқорлық” ұғымдарын қарапайым тілмен түсіндіру, оның заңсыз екенін ұғындыру; Әділдік, адалдық, жауапкершілік туралы түсініктерін молайту, жақсы мен жаманды ажырата білуге дағдыландыру.
Сынып жетекшісі: Сапабекова А.С.
#Адал_азамат_біртұтас_тәрбие
#құқықтық_сабақ
|
13
Қазан
2026
|
# Оқу_ айдары
Математика негіздері.
Тақырыбы: Дөңгелек, шаршы,тіктөртбұрыш, үшбұрыш..
Ойын: Пішіндерді орналастыр. Мақсаты: Балалар пішіндерді ажырата білуге. Түстерді есте сақтауға баулу.
Тәрбиеші: Сапабекова Ж.Ж.
МАДс
|
9
Қазан
2026
|
Үйірме күнделігінен: Жас географтардың кезекті асуы! 🌍✨
Бүгін «Жас географ» үйірмесінде Жас зерттеушілерімізбен бірге туған өлкеміздің кең-байтақ орографиялық нысандарына виртуалды саяхат жасап, география әлеміне терең бойладық.
Үйірме барысында:
🧭 «Кім жылдам?» атты картамен сайыс
Оқушылар атлас және физикалық картамен жұмыс жасап, Қазақстанның кең-байтақ жазықтары мен көкке бой созған заңғар тауларын табудан өзара жарысқа түсті.
🚩 Әлем елдерінің тулары
Үйірме сағатының екінші бөлігінде оқушылар дүниежүзі елдерінің мемлекеттік нышандарымен, атап айтқанда туларының шығу тарихымен және мағынасымен танысты.🚀🏔️
Үйірме жетекшісі: Акпанбетова А.Қ.
#ЖасГеограф #ГеографияҮйірмесі #МектепӨмірі #БілімдіЖастар #КартаменЖұмыс






