10 ҚАЗАН – ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІ
«Психикалық денсаулық – сапалы өмірдің негізі»
Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай педагогтермен психологиялық қолдау көрсетуге бағытталған жұмыс жүргізілді. 💚
Іс-шараның негізгі мақсаты – педагогтердің психологиялық саулығын нығайту, эмоционалдық күйзелістің алдын алу, жағымды көңіл күй қалыптастыру және кәсіби шаршауды болдырмау жолдарын насихаттау.
Жұмыс барысында педагогтер өздерінің эмоционалдық жағдайына назар аударып, жағымды психологиялық ахуал қалыптастырудың маңыздылығын түсінді. Сонымен қатар күнделікті өмірде кездесетін күйзелісті жеңу, өз эмоцияларын басқару және ішкі тепе-теңдікті сақтау жолдарына көңіл бөлінді.
🌸 Есіңізде болсын! Психикалық денсаулық – әлсіздіктің емес, өзіңе деген қамқорлықтың белгісі. Өзіңізге уақыт бөліңіз, сезімдеріңізді тыңдаңыз және қажет кезде қолдау сұраудан тартынбаңыз.
💚 Дені сау, көңілі тыныш педагог – жарқын болашақтың кепілі!
Өткізген: педагог-психолог М. Жортынбаева
#ПсихикалықДенсаулықКүні #ПедагогтергеПсихологиялықҚолдау #ПсихологиялықСаулық






