|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Сапар Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Сапара Ергалиева» отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
«Адал азамат: Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында “Өнегелі 15 минут”шеңберінде 4-сынып білім алушылары күздің әсемдігін өз қолдарымен жасаған түрлі-түсті қолөнер бұйымдары арқылы көрсетті. 🌾🍎🍂
Табиғи материалдарды пайдалана отырып жасалған әрбір жұмыс – балалардың қиялы мен шығармашылығының, еңбекқорлығы мен ұқыптылығының көрінісі.
🌟 Өнерлі өрендеріміздің қиялы қанаттана берсін!
Сынып жетекшісі: А.Сапабекова
#адал_азамат_біртұтас_тәрбие
#өнегелі_15 минут
#күз_кереметі
🔰 «Адал азамат: Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында “Үнемді тұтыну” шеңберінде 6- сынып білім алушысы Жақан Аяулым үйдегі гүлдерді суарып, үй жұмысына көмектесіп, суды үнемдеп жұмсаудың қажетін білуде.
Сынып жетекшісі: Абдина А. Е.
#адал_азамат_біртұтас_тәрбие
#өнегелі_15 минут
#үнемді_тұтыну
"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, "Өнегелі 15 минут" шеңберінде 6-сынып білім алушысы Сәлімжан Алина ата-анасымен шахмат, дойбы ойнап, бос уақытын тиімді өткізуде.
Сынып жетекшісі: Абдина. А.Е
#Адал_азамат
#өнегелі_15_минут
|
8
Қазан
2026
|
📚#Оқу_айдары
Оқуға құштар мектеп
Мақсаты: Білім алушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.
8-сынып
Сынып жетекшісі: Сапабекова А. С.
#оқуға_құштар_сынып
#адал_азамат_бiртұтас_тәрбие
🌿 «Таза Қазақстан» – табиғатқа жанашырлықтан басталады! 🌿
Мектебімізде республикалық «Таза Қазақстан» жобасы аясында мектептегі экологиялық бұрышты жандандыру мақсатында игі бастама ұйымдастырылды.
🌱 Іс-шараға мектептің әкімшілік мүшелері, «Жас эколог» үйірмесінің білім алушылары және «Жас эколог» үйірмесі мүшелерінің аналары белсенді қатысып, бірлесе отырып гүлдер отырғызды.
Бірлескен еңбек арқылы экологиялық бұрышымыз көркейіп, білім алушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігі мен қоршаған ортаға жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды қадам жасалды.
Табиғатты қорғау – ортақ міндет, жасыл ортаны қалыптастыру – ортақ іс! 🌱
#ТазаҚазақстан #ЖасЭколог #ЖасылМектеп #ЭкологиялықМәдениет #ТабиғаттыАялайық #АдалАзама
|
7
Қазан
2026
|
«Адал ұрпақ» құқықтық клубы өз жұмысын бастады!
Мектебімізде білім алушылардың құқықтық білімін арттыруға, заңды құрметтеуге, жауапкершілік пен адалдықты бойына сіңіруге бағытталған «Адал ұрпақ» құқықтық клубы жұмысын бастады.
Клубтың негізгі мақсаты — білім алушыларға өз құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, құқықтық сауаттылығын арттыру және әртүрлі өмірлік жағдайларда дұрыс шешім қабылдай білуге үйрету.
Клуб аясында құқықтық сағаттар, пікірталастар, дөңгелек үстелдер, викториналар, танымдық кездесулер мен түрлі ақпараттық-ағартушылық іс-шаралар өткізіледі.
Сонымен қатар білім алушылар арасында құқық бұзушылықтың, буллингтің, сыбайлас жемқорлықтың және басқа да жағымсыз әрекеттердің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Клубтың маңызды бағыттарының бірі — сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және «Заң және тәртіп» қағидатын дәріптеу.
«Адал ұрпақ» — білім алушылардың тек құқықтық білімін жетілдіретін орта ғана емес, сонымен бірге олардың белсенділігін арттырып, өз ойын еркін білдіруіне, жауапкершілікпен әрекет етуіне және саналы шешім қабылдауына мүмкіндік беретін алаң.
Адалдықты ту еткен, заңды құрметтейтін және өз құқығы мен міндетін білетін білім алушылар — жарқын болашақтың кепілі!
#АдалҰрпақ #ЗаңЖәнеТәртіп #ҚұқықтықСауаттылық #Адалдық #Әділдік
|
7
Қазан
2026
|
#Оқу_айдары
Оқуға құштар мектеп
Мақсаты: Білім алушыларды ертегілер әлеміне қызықтыру, адамгершілік мәдениетін қалыптастыру, оқуға баулу.
6-сынып
Сынып жетекшісі:
Абдина А.Е.
#оқуға_құштар_сынып
#адал_азамат_бiртұтас_тәрбие






