|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Сапар Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Сапара Ергалиева» отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
|
8
Қазан
2026
|
#Оқу_айдары
2-сынып білім алушыларымен математика, қазақ тілі, әдебиеттік оқу пәндерінен қосымша сабақ өткізілді.
Мақсаты: білім алушылардың оқу материалын терең меңгеруіне, біліміндегі олқылықтарды толықтыруына, өздігінен жұмыс жасау және алған білімін практикалық жағдайда қолдану дағдыларын дамытуға жағдай жасау.
Сынып жетекші: Галимжанова Б.Б.
«Адал азамат: Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында “Өнегелі 15 минут”шеңберінде
2-сынып білім алушылары күздің әсемдігін өз қолдарымен жасаған түрлі-түсті қолөнер бұйымдары арқылы көрсетті.
Табиғи материалдарды пайдалана отырып жасалған әрбір жұмыс – балалардың қиялы мен шығармашылығының, еңбекқорлығы мен ұқыптылығының көрінісі.
Өнерлі өрендеріміздің қиялы қанаттана берсін!
Сынып жетекшісі: Галимжанова Б.Б.
#адал_азамат_біртұтас_тәрбие
#өнегелі_15 минут
#күз_кереметі
|
8
Қазан
2026
|
🔰 «Саламатты мектеп» жобасы және «Адал азамат: Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру аясында
Мектебімізде оқушылардың физикалық белсенділігін арттырып, салауатты өмір салтын дағдыға айналдыру мақсатында әр бейсенбі және жұма күндері дене жаттығулары өткізіледі.
Мақсаты: Білім алушылардың денсаулығын нығайту, саламатты өмір салтын қалыптастыру және тұрақты дене жаттығуларын жасау дағдысын шыңдау.
Өткізген: Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Каскадамов А.А.
#СаламаттыМектеп #АдалАзамат #БіртұтасТәрбие #ДенеЖаттығулары #СалауаттыӨмірСалты
«Азаматтық құқықтар апталығы» шеңберінде 9-сыныпта "Конституция-тұрақтылық пен бейбітшіліктің кепілі" тақырыбында диктант алынды.
Пән мұғалімі: М.Кабылдина
#Адалазамат
#Азаматтыққұқықтықапталығы
«Азаматтық құқықтар апталығы» шеңберінде 10-сыныпта "Конституция-тұрақтылық пен бейбітшіліктің кепілі" тақырыбында диктант алынды.
Пән мұғалімі: М.Кабылдина
#Адалазамат
#Азаматтыққұқықтықапталығы
🔰 «Адал азамат: Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында “Өнегелі 15 минут”шеңберінде 3-сынып білім алушылары күздің әсемдігін өз қолдарымен жасаған түрлі-түсті қолөнер бұйымдары арқылы көрсетті. 🌾🍎🍂
Табиғи материалдарды пайдалана отырып жасалған әрбір жұмыс – балалардың қиялы мен шығармашылығының, еңбекқорлығы мен ұқыптылығының көрінісі.
🌟 Өнерлі өрендеріміздің қиялы қанаттана берсін!
Сынып жетекшісі: О.Жумашева
#адал_азамат_біртұтас_тәрбие
#өнегелі_15 минут
#күз_кереметі
|
8
Қазан
2026
|
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу
Мектебімізде әлеуметтік педагог Э. Абдулаханның қатысуымен оқушылар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық түсіндіру жұмысы жүргізілді.
📚 Кездесу барысында білім алушыларға сыбайлас жемқорлықтың мәні мен оның қоғамға тигізетін зияны түсіндіріліп, заң талаптарын сақтау, адал болу, әділдік пен жауапкершілікті ұстанудың маңыздылығы айтылды.
📄 Сонымен қатар оқушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолдары туралы маңызды мәліметтер қамтылған ақпараттық жадынамалар үлестірілді.
💡 Мұндай түсіндіру жұмыстары жас ұрпақтың құқықтық білімін жетілдіруге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыруға және әрбір ісіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеуге мүмкіндік береді.
#СыбайласЖемқорлықтыңАлдынАлу #Адалдық #ҚұқықтықСауаттылық #Жауапкершілік






