Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу
Мектебімізде әлеуметтік педагог Э. Абдулаханның қатысуымен оқушылар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық түсіндіру жұмысы жүргізілді.
📚 Кездесу барысында білім алушыларға сыбайлас жемқорлықтың мәні мен оның қоғамға тигізетін зияны түсіндіріліп, заң талаптарын сақтау, адал болу, әділдік пен жауапкершілікті ұстанудың маңыздылығы айтылды.
📄 Сонымен қатар оқушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолдары туралы маңызды мәліметтер қамтылған ақпараттық жадынамалар үлестірілді.
💡 Мұндай түсіндіру жұмыстары жас ұрпақтың құқықтық білімін жетілдіруге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыруға және әрбір ісіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеуге мүмкіндік береді.
#СыбайласЖемқорлықтыңАлдынАлу #Адалдық #ҚұқықтықСауаттылық #Жауапкершілік






