|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Сапар Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Сапара Ергалиева» отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
|
9
Қазан
2026
|
Табиғатты танып, гербарий жасаймыз!
Бүгін 2-сынып оқушылары жаратылыстану пәнінен практикалық жұмыс орындады.
Сабақ барысында оқушылар табиғат аясына шығып, ағаш жапырақтары мен гүлдерді жинады. Сыныпқа оралған соң топтарға бөлініп, өзара бірлесе отырып, түрлі өсімдіктерден гербарий жасады.
Практикалық жұмыстың мақсаты:
Оқушылардың өсімдіктер туралы білімдерін кеңейту, жапырақтар мен гүлдердің алуан түрлілігін ажыратуға үйрету, табиғатты бақылау және зерттеу дағдыларын дамыту. Сонымен қатар топтық жұмыс арқылы ынтымақтастыққа, жауапкершілікке және табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Оқушылар табиғаттан жинаған материалдар арқылы өз қолдарымен жұмыс жасап, жаңа білімді тәжірибе жүзінде меңгерді. Табиғатты бақылау — танымның бастауы, ал тәжірибе — білімнің негізі!
Табиғатты таныған бала — табиғатты аялай білетін бала!
Сынып жетекшісі:
Галимжанова Б.Б.
#Жаратылыстану #2сынып #ПрактикалықЖұмыс #Гербарий #ТабиғаттыАялау #БілімБерудегіТәжірибе
|
9
Қазан
2026
|
⚜️ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІ
⚜️ 6-сынып білім алушылары әр жұма күні ұлттық киім кию дәстүрін қолдап, халқымыздың мәдени мұрасы мен салт-дәстүрін дәріптейді.
Ұлттық киім — ұлтымыздың тарихы мен болмысын бейнелейтін асыл мұра.
Сынып жетекшісі: Абдина А. Е.
#ҰлттықКиімКүні #ҰлттықҚұндылықтар
#Адал_азамат_біртұтас_тәрбие
|
9
Қазан
2026
|
10-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН АНЫҚТАУ БОЙЫНША ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
Мектеп психологінің жұмыс жоспарына сәйкес 10-сынып оқушыларының жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтау мақсатында психологиялық зерттеу жұмысы жүргізілді. 🧠✨
🎯 Мақсаты: оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін, қызығушылықтарын, мінез ерекшеліктерін, өзін-өзі бағалау деңгейін және қарым-қатынас жасау дағдыларын зерделеу.
🔎 Зерттеу барысында оқушылардың жеке ерекшеліктерін тануға, өзіндік қабілеттері мен мүмкіндіктерін бағалауға, эмоционалдық жай-күйін түсінуге және тұлғалық дамуына қолдау көрсетуге бағытталған жұмыстар жүргізілді.
💚 Психологиялық зерттеудің маңыздылығы – әрбір оқушының қайталанбас тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, оның өзін-өзі тануына, әлеуетін дамытуына және болашаққа сенімді қадам жасауына ықпал ету.
Әрбір оқушы – өзіндік ерекшелігі, қабілеті мен мүмкіндігі бар жеке тұлға. Оны түсіну, қолдау және дамыту – психологиялық жұмыстың басты міндеттерінің бірі! 🌱
Өткізген: педагог-психолог М. Жортынбаева
#МектепПсихологі #10Сынып #ПсихологиялықЗерттеу #ЖекеТұлға #ӨзінӨзіТану #ПсихологиялықҚолдау #ТұлғалықДаму
"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мектепалды тәрбиеленушілерге ұлттық ойынның түрі "Кілемше " ойыны ойнатылды. Мақсаты: Балаларға асықтын астында жасырылған суреттерді атау. Ойын барысында балалар суретті есте сақтап, сөйлеуге баулу.
Тәрбиеші: Ж.Сапабекова
#Адал_азамат
#ұлттық_ құндылық
«Тұқымды тастама – табиғатқа мүмкіндік бер» экологиялық акциясы
2026 жылғы 5 қазаннан бастап «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында мектебімізде «Тұқымды тастама – табиғатқа мүмкіндік бер» экологиялық акциясы ұйымдастырылады.
Акция «Жасыл мектеп» және «Жасыл клуб» білім беру жобалары, сондай-ақ «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Еңбегі адал – жас өрен» жобасы аясында жүзеге асырылады.
Акцияның мақсаты – білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу, еңбекқорлық пен жауапкершілік қасиеттерін дамыту.
Акция аясында мектепте төмендегідей жұмыстар жүргізіледі:
білім алушылардың жеміс-жидек дақылдарының тұқымдарын жинауын ұйымдастыру;
жиналған тұқымдарды сұрыптау және сақтау;
тұқымдарды отырғызып, көшеттер өсіру;
өсімдіктерге күтім жасау және олардың өсуін бақылау;
табиғатты қорғау, жасыл желектерді сақтау және көбейту бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
ата-аналарды экологиялық іс-шараларға тартып, мектеп пен отбасы ынтымақтастығын нығайту;
Аталған акция Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмысы аясында да ата-аналар мен білім алушылардың бірлескен экологиялық бастамаларын қолдауға мүмкіндік береді.
Табиғатқа қамқорлық – әрқайсымыздың қолымыздан келетін игі іс! Бір тұқым – бір үміт, бір көшет – жасыл болашақ!
Жауапты: Г.Айтуғанова
#АдалАзамат
#Тұқымдытастаматабиғатқамүмкүндікбер
#Атааналардыпедагогикалыққолдауорталығы
#Даналықмектебі
#Жасэколог
«Адал азамат: Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында 4- сынып білім алушылары жұма сайын дене жаттығуларын жасап, сергектік пен көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын сәттерді бірге өткізеді.
Дене жаттығулары балалардың денсаулығын нығайтып, қимыл-қозғалысын дамытып, сабаққа деген ынтасын арттырады. Белсенді өмір салтын қалыптастыру – дені сау ұрпақ тәрбиелеудің маңызды қадамы!
Сынып жетекшісі: А.Сапабекова
#адал_азамат_біртұтас_тәрбие
#дене_жаттығулары
"Әкем, анам және мен" отбасылық спорттық сайысы өтті.
Мақсаты:
Отбасы – тәрбиенің алтын ұясы екенін насихаттай отырып, ата-ана мен бала арасындағы ынтымақтастықты нығайту, салауатты өмір салтын дәріптеу, мектеп пен ата-ана байланысын күшейту. Спорттық сайысқа 5 отбасы қатысты. Сонымен қатар спорттық сайысқа қатысқан жанұяларға "Үміт -2050" қоғамдық қоры демеушілік жасады. Демеушілерімізге алғыс білдіреміз.
Сайыс нәтижелері:
🥇 орын Төлеген отбасы
🥈орын Нокишовтар отбасы
🥉орын Айтжановтар отбасы
Қатысқан үшін Жумагуловтар отбасы мен Асимовтар отбасы алғыс хатпен марапатталды. Іс-шараға қатысқан жанұяларды жеңістерімен құттықтаймыз💐💐💐
Ұйымдастырушылар:
М.Кабылдина
Э.Абдулахан А.Каскадамов
#Адалазамат
#Даналықмектебі
#Отбасылықсайыс






