Табиғатты танып, гербарий жасаймыз!
Бүгін 2-сынып оқушылары жаратылыстану пәнінен практикалық жұмыс орындады.
Сабақ барысында оқушылар табиғат аясына шығып, ағаш жапырақтары мен гүлдерді жинады. Сыныпқа оралған соң топтарға бөлініп, өзара бірлесе отырып, түрлі өсімдіктерден гербарий жасады.
Практикалық жұмыстың мақсаты:
Оқушылардың өсімдіктер туралы білімдерін кеңейту, жапырақтар мен гүлдердің алуан түрлілігін ажыратуға үйрету, табиғатты бақылау және зерттеу дағдыларын дамыту. Сонымен қатар топтық жұмыс арқылы ынтымақтастыққа, жауапкершілікке және табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Оқушылар табиғаттан жинаған материалдар арқылы өз қолдарымен жұмыс жасап, жаңа білімді тәжірибе жүзінде меңгерді. Табиғатты бақылау — танымның бастауы, ал тәжірибе — білімнің негізі!
Табиғатты таныған бала — табиғатты аялай білетін бала!
Сынып жетекшісі:
Галимжанова Б.Б.
#Жаратылыстану #2сынып #ПрактикалықЖұмыс #Гербарий #ТабиғаттыАялау #БілімБерудегіТәжірибе






