|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Сапар Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Сапара Ергалиева» отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
|
16
Қазан
2026
|
” Адал азамат: Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында білім алушылар жұма күні денсаулықты нығайту, дене белсенділігін арттыру және сергек көңіл күй қалыптастыру мақсатында дене шынықтыру жаттығуларын орындады. Жаттығулар жасату арқылы балалардың қимыл-қозғалысын дамыту,шапшаңдыққа, ептілікке және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
2- сынып
Сынып жетекші: Галимжанова Б.Б.
#адал_азамат_біртұтас_тәрбие
#дене_жаттығулары
|
16
Қазан
2026
|
МЕКТЕП ПРЕЗИДЕНТІ САЙЛАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
📢 Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Мектебімізде мектеп президентін сайлау науқаны өз мәресіне жетті! 🗳️
Мектеп президенттігіне 6 білім алушы өз кандидатураларын ұсынып, мектеп өмірін жақсартуға бағытталған бастамалары мен мақсаттарын жүзеге асыруға ниет білдірді.
✨ Мектеп президенттігіне үміткерлер:
Мұхамбетова Бану Танатовна
Тұңғышбай Нұрсая Мейрамханқызы
Бақытжан Нұрасам Бақытжанұлы
Берік Аяру Мархабатқызы
Сәукен Аяру Нұрсұлтанқызы
Қорған Гүлсалым Нұрболатқызы
🏆 Сайлау қорытындысы бойынша 70% дауыс басымдығымен Тұңғышбай Нұрсая Мейрамханқызы мектеп президенті болып сайланды!
🎉 Жаңа мектеп президентін жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
Нұрсаяға жаңа қызметінде толағай табыс, тың идеялар, жарқын бастамалар мен биік жетістіктер тілейміз! Оқушылардың үніне құлақ асып, олардың ұсыныстары мен бастамаларына қолдау көрсетіп, мектеп өмірінің қызықты әрі мазмұнды болуына үлес қосатынына сенім білдіреміз.
👏 Сайлауға қатысып, өз кандидатураларын ұсынған барлық үміткерге белсенділіктері, батылдықтары мен жауапкершіліктері үшін алғыс айтамыз! Әрбір үміткердің мақсаты мен бастамасы мектеп өмірін жақсартуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
💙 Сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасаған барлық оқушыға да алғыс білдіреміз! Себебі әр дауыс — мектептің болашағына қосылған үлес.
🌟 Жеңісің құтты болсын, Нұрсая! Жаңа белестер мен сәтті бастамаларға толы жыл болсын!
Бірлігіміз жарасқан, бастамамыз баянды болсын! 💐
Абдулахан Э.Т.
#МектепПрезиденті #СайлауҚорытындысы #ЖаңаБастама #ОқушыларӨзінӨзіБасқаруы #ЖеңісҚұттыБолсын
|
16
Қазан
2026
|
"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мектепалды тәрбиеленушілерге "Оюлар" ойыны ойнатылды. Мақсаты: Балаларға ою түрлері таныстырылды. Ойын барысында балалар оюды түстеріне сәйкес қоюға баулу.
Тәрбиеші: Ж.Сапабекова
#Адал_азамат
#ұлттық_ құндылық
” Адал азамат: Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында білім алушылар жұма күні денсаулықты нығайту, дене белсенділігін арттыру және сергек көңіл күй қалыптастыру мақсатында дене шынықтыру жаттығуларын орындады.
Мақсаты: Жаттығулар жасату арқылы балалардың қимыл-қозғалысын дамыту,шапшаңдыққа, ептілікке және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
4- сынып
Сынып жетекші: Сапабекова А.С.
#адал_азамат_біртұтас_тәрбие
#дене_жаттығулары
Мектебімізде өткен тәлім сәтінде түрлі байқаулар мен жарыстарда үздік нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болған білім алушылар салтанатты түрде марапатталды.
👏 Жеңімпаздарымызға марапаттары табысталып, еңбектері мен жетістіктері ерекше атап өтілді. Бұл – білім алушылардың талпынысына шабыт беріп, жаңа белестерге ұмтылуына жол ашатын маңызды сәт.
🌟 Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Алар асуларыңыз биік, жетістіктеріңіз мол болсын! Әрдайым мектебіміздің мақтанышы болып, жаңа жеңістерге жете беріңіздер!
#ТәлімСәті #Марапаттау #ОқушыЖетістігі #МектепӨмірі #ЖеңісҚұттыБолсын
|
15
Қазан
2026
|
«Жас эколог» үйірмесі – таза болашаққа қадам!
«Жас эколог» үйірмесінің білім алушылары қоқысты бөлек жинау мәдениетін қалыптастыру мақсатында қалдықтарды сұрыптауға арналған қоқыс пакеттерін дайындады.
Бұл бастама оқушылардың экологиялық сауаттылығын арттырып, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған. 🌎
Тазалық – әрқайсымыздан басталады! Табиғатты аялайық, қалдықтарды сұрыптайық, қоршаған ортаны бірге қорғайық! 🌱
#ТазаҚазақстан #АдалАзамат






