ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Сапар Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Сапара Ергалиева» отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области
с. Әйет, ул. Ельдеса Омарова, 3
8 (71436) 3-74-71
sh_ergalyeva@mailin-roo.edu.kz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Сапар Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Сапара Ергалиева» отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз

МЕКТЕП ПРЕЗИДЕНТІ САЙЛАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

📢 Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Мектебімізде мектеп президентін сайлау науқаны өз мәресіне жетті! 🗳️

Мектеп президенттігіне 6 білім алушы өз кандидатураларын ұсынып, мектеп өмірін жақсартуға бағытталған бастамалары мен мақсаттарын жүзеге асыруға ниет білдірді.

✨ Мектеп президенттігіне үміткерлер:

Мұхамбетова Бану Танатовна
Тұңғышбай Нұрсая Мейрамханқызы
Бақытжан Нұрасам Бақытжанұлы
Берік Аяру Мархабатқызы
Сәукен Аяру Нұрсұлтанқызы
Қорған Гүлсалым Нұрболатқызы
🏆 Сайлау қорытындысы бойынша 70% дауыс басымдығымен Тұңғышбай Нұрсая Мейрамханқызы мектеп президенті болып сайланды!

🎉 Жаңа мектеп президентін жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!

Нұрсаяға жаңа қызметінде толағай табыс, тың идеялар, жарқын бастамалар мен биік жетістіктер тілейміз! Оқушылардың үніне құлақ асып, олардың ұсыныстары мен бастамаларына қолдау көрсетіп, мектеп өмірінің қызықты әрі мазмұнды болуына үлес қосатынына сенім білдіреміз.

👏 Сайлауға қатысып, өз кандидатураларын ұсынған барлық үміткерге белсенділіктері, батылдықтары мен жауапкершіліктері үшін алғыс айтамыз! Әрбір үміткердің мақсаты мен бастамасы мектеп өмірін жақсартуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

💙 Сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасаған барлық оқушыға да алғыс білдіреміз! Себебі әр дауыс — мектептің болашағына қосылған үлес.

🌟 Жеңісің құтты болсын, Нұрсая! Жаңа белестер мен сәтті бастамаларға толы жыл болсын!

Бірлігіміз жарасқан, бастамамыз баянды болсын! 💐

Абдулахан Э.Т.

#МектепПрезиденті #СайлауҚорытындысы #ЖаңаБастама #ОқушыларӨзінӨзіБасқаруы #ЖеңісҚұттыБолсын

© 2026. Все права защищены.