🌿 «Таза Қазақстан» – табиғатқа жанашырлықтан басталады! 🌿
Мектебімізде республикалық «Таза Қазақстан» жобасы аясында мектептегі экологиялық бұрышты жандандыру мақсатында игі бастама ұйымдастырылды.
🌱 Іс-шараға мектептің әкімшілік мүшелері, «Жас эколог» үйірмесінің білім алушылары және «Жас эколог» үйірмесі мүшелерінің аналары белсенді қатысып, бірлесе отырып гүлдер отырғызды.
Бірлескен еңбек арқылы экологиялық бұрышымыз көркейіп, білім алушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігі мен қоршаған ортаға жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды қадам жасалды.
Табиғатты қорғау – ортақ міндет, жасыл ортаны қалыптастыру – ортақ іс! 🌱
#ТазаҚазақстан #ЖасЭколог #ЖасылМектеп #ЭкологиялықМәдениет #ТабиғаттыАялайық #АдалАзама
|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Сапар Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Сапара Ергалиева» отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|






