«100 АДАЛ ІС» — АДАЛДЫҚ ӨЗІМІЗДЕН БАСТАЛАДЫ!
Бүгін «Адал азамат – зайырлы мемлекет – қуатты қоғам» атты азаматтық құқықтар мен зайырлы құндылықтар апталығы аясында 8–11-сынып оқушылары арасында «100 адал іс» атты интерактивті акция өтті.
🎯 Акцияның мақсаты — оқушыларға адалдық, жауапкершілік пен әділдіктің ең алдымен күнделікті іс-әрекеттерімізден көрініс табатынын ұғындыру.
Акция барысында оқушылар бірлесіп «100 адал іс» атты стенд жасады. Әрбір қатысушы өзі жасаған немесе маңызды деп санайтын адал ісінің үлгісін стикерге жазып, ортақ стендке орналастырды.
Қателігін мойындау, уәдеде тұру, шындықты айту, табылған затты иесіне қайтару, әділ әрекет ету — адамдар арасындағы сенім мен құрметті қалыптастыратын қарапайым, бірақ маңызды істер.
Акция оқушыларға өз шешімдері туралы ойлануға және адалдықтың жай ғана сөз емес, күнделікті саналы таңдау екенін түсінуге мүмкіндік берді!
✨ 100 адал іс — үлкен сенімге бастайтын 100 кішкентай қадам!
#АдалАзамат #ЗаңЖәнеТәртіп #100АдалІс #АдалдықПенЖауапкершілік






