ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ НЕГІЗІ
Өнер мектебінде 9–11 сынып білім алушыларының қатысуымен маңызды тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараны полиция лейтенанты Эмин Гусейинов жүргізді.
Дөңгелек үстелдің негізгі тақырыбы:
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу;
Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігін қорғау.
Кездесу барысында оқушыларға зорлық-зомбылықтың алдын алу, жеке қауіпсіздік, өз құқықтарын білу және қиын жағдайларда көмекке жүгіну жолдары туралы маңызды ақпараттар берілді.
Сонымен қатар білім алушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, маманнан тұшымды жауаптар алды.
Мұндай кездесулер жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, қауіпсіз орта қалыптастыруға және өз құқықтары мен міндеттерін терең түсінуге ықпал етеді.
Қауіпсіздік – әр адамның құқығы, ал зорлық-зомбылыққа жол жоқ!
Абдулахан Э.Т.






