|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Сапар Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Сапара Ергалиева» отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
"Адал азамат" бағдарламасы аясында "Алғыс айту" күніне орай 3- сынып білім алушылары алғыстарын білдірді.
Сынып жетекшісі: Сапабекова А.С.
#Адал_азамат
#Алғыс_айту_күні
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
«Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімі
Сапар Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің 5-сынып білім алушысы Саукен Нұрислам «Тұлпар мініп, ту алған» байқауы бойынша «Алпамыс батыр» жырын жаттап дайындалуда
Жетекшісі: Жортынбаева М.О.
@qostanai_epos
|
27
Ақпан
2026
|
"Адал азамат" бағдарламасы аясында "Алғыс айту" күніне орай ұйымдастырылған, "Алғысымыз шексіз"❤️ челленджі ұйымдастырылды.
Ұйымдастырушылар:
БТІЖО-Кабылдина
Аға тәлімгер: С.Шайзада
#Адал_азамат
#Алғыс_айту_күні
|
27
Ақпан
2026
|
"Адал азамат: Біртұтас тәрбие" бағдарламасын іске асыру мақсатында 1-сыныпта "Алғыс -ізгі ниет" тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: Білім алушылардың "сыйластық" құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Алғыс пен ризашылық туралы түсінік беру. Сынып жетекшісі: Галимжанова Б.Б. #адал_азамат_біртұтас_тәрбие #тәрбие_сағаты
|
27
Ақпан
2026
|
Ақпан айының 27 жұлдызында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы шеңберінде «Қамқор»жобасы аясында алғыс айту мерекесіне орай «Қарттар - менің қымбат қазынам» тақырыбы негізінде 8,9-сынып білім алушыларымен бірге ауданымыздың ардагері Ищенко Татьяна Алексеевнаға ауладағы қарды шығару бойынша көмек көрсетілді.
🎯Мақсаты: Мектеп білім алушыларын үлкен кісіге көмек қолын созу арқылы кішіпейлікке үйрету.
👨🏫Аға тәлімгер: Шайзада С.
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#Қамқоржобасы
#Өзінөзібасқаруұйымы
|
27
Ақпан
2026
|
МЕЙІРІМДІЛІК ӘЛЕМДІ ҚҰТҚАРАДЫ СУРЕТ БАЙҚАУЫ! «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Ақпан айының 26 жұлдызында мектебімізде 1-4 сынып білім алушылары арасында «Мейірімділік әлемді құтқарады» тақырыбында шығармашылық суреттер байқауы өтті.
Бұл іс-шараның негізгі мақсаты білім алушылардың бойында қайырымдылық, жанашырлық пен мейірім сынды адами құндылықтарды қалыптастыру.
Шығармашылықты шыңдайтын байқауға білім ордамыздан 25 білім алушының жұмыстары келіп түсті.
Әділқазы алқаларының шығармашылық жұмысты тексеру барысында білім алушылар өз қиялдары мен жүрек жылуын сурет арқылы жеткізіп, әлемнің жақсылық пен мейірімге толы екенін көрсете білді.
Байқау нәтижесі бойынша мектеп басшысының тәрбие жөніндегі орынбасары Кабылдина Макпал Досымбаевна ізгі тілегін білдіріп, жүлделі І,ІІ,ІІІ орын алған және белсенді қатысқан білім алушыларға мектеп басшысының мадақтау қағазы мен алғыс хатпен марапаттады. Сонымен қатар, сурет байқауына қатысқан білім алушыларға тәттілер үлестірілді.
«Мейірім - адамзаттың ортақ тілі, ал оны жеткізудің ең әдемі жолы - өнер!
Аға тәлімгер: Шайзада С. #Адал_азамат #Адал_азамат_біртұтас_тәрбие #СапарЕрғалиеватындағыЖББМ #Өзінөзібасқаруұйымы #Мейірімділікәлемдіқұтқарады #Суретбайқауы






