|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Сапар Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Сапара Ергалиева» отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
|
6
Наурыз
2026
|
Бүгін мектеп басшысы Қоскадамова
Тамаша Шамеловна тәлімсәт барысында бастауыш сынып білім алушыларына арналған «Атамекен» облыстық зияткерлік-танымдық қатысушыларын марапаттады. Барлық мектептің дарынды білім алушларын жеңістерімен құттықтап, оқуда шығармашылық жетістіктер тілейміз !
Aғa тәлімгер: Шайзада С.
#дарындыбілімалушылар
#сапалыбілім
#байқаужүлдегерлері
"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 8-наурыз мерекесі қарсаңында "Анаға арнау" құттықтау челленджіне 6-сынып білім алушылары қатысып, аналарын мерекемен құттықтады.
Сынып жетекшісі: А.Акпанбетова
#Адал_азамат
#анаға_арнау
|
6
Наурыз
2026
|
#Оқу_айдары Оқуға құштар мектеп 3- сынып білім алушылары "Анаға құрмет" тақырыбында мәтінді түсініп оқып, мазмұнын айтты. Мақсаты: білім алушыларының кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, өз ойларын еркін жеткізуге үйрету. Сынып жетекшісі: Сапабекова А. С. #оқуға_құштар_сынып #адал_азамат_бiртұтас_тәрбие
"Адал азамат: Біртұтас тәрбие" бағдарламасын іске асыру мақсатында 3-сыныпта "Ананың аялы алақаны" "Бәрінен биік ана жүрегі" тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Мақсаты: Білім алушыларға ананың мейірімі мен қамқорлығының маңызын түсіндіру; Анаға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін ояту; Білім алушыларды отбасылық құндылықтарды бағалауға үйрету
Сынып жетекшісі: Сапабекова А. С.
#адал_азамат_біртұтас_тәрбие
#тәрбие_сағаты
|
4
Наурыз
2026
|
4-сынып білім алушыларымен кеңес сабағында ББЖМ-ге оқу сауаттылығына дайындық жұмыстары жүргізілді. Пән мұғалімі Бақыт Г.А
|
4
Наурыз
2026
|
11 наурыз күні мектебімізде қазақтың батырлық эпосы — «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтудан жыр байқауы өтеді.
📚 Байқау
"Алпамыс батыр" жырын жатқа айту.
🗓 Өтетін күні: 11 наурыз
📍 Өтетін орны: Мектептің акт залы
🕘 Басталу уақыты: 16:00-де
Барлық қатысушыларды белсенді түрде қатысуға шақырамыз!
Ұйымдастырушылар: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері
|
4
Наурыз
2026
|
"Адал Азамат: біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында "Жастар" дебат клубының кезекті отырысында "Жасөспірімдерге әлеуметтік желі шектеулі болуы тиіс пе?" тақырыбында дебатшылар арасында әңгіме өткізілді.
Мақсаты:
- Оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін дамыту;
- Өз пікірін дәлелдеп айтуға үйрету;
- Әлеуметтік желінің пайдасы мен зиянын саралауға үйрету.
Жетекші: А.Сапабекова
#Адал_азамат
#Дебат
#Жастар_клубы






