|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Сапар Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Сапара Ергалиева» отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
|
10
Наурыз
2026
|
2026 жылғы 6 наурыз күні Сапар Ерғалиев атындағы ЖББМ-нің білім алушылары мен ер ағайлардың ұйымдастыруымен 8 Наурыз – Халықаралық Әйелдер Күніне арналған құттықтау рәсімі болып өтті. Іс-шара барысында: -Құттықтау сөздер айтылды.
- Әдемі тілектер жасалды.
- Сыйлықтар табыс етілді.
Мақсаты:
- Мұғалімдерді мерекемен құттықтау.
- Мектеп ішіндегі достық атмосфераны нығайту.
- Мұғалімдердің көңіл-күйін көтеру.
- Апайлардың еңбегін бағалау және құрмет көрсету.
- Мұғалімдер арасындағы байланысты күшейту.
Ұйымдастырушылар: 7-сынып жетекшісі А.С. Сапабекова және аға тәлімгер С. Шайзада. #Адал_азамат #СапарЕрғалиеватындағыЖББМ #8Наурызаналармерекесі #Өзінөзібасқаруұйымы
|
10
Наурыз
2026
|
"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 8-наурыз мерекесі қарсаңында "Анаға арнау" құттықтау челленджіне 11-сынып білім алушылары қатысып, аналарын мерекемен құттықтады. Сынып жетекшісі: Айтуғанова Г.Н. #Адал_азамат #анаға_арнау #челлендж
|
6
Наурыз
2026
|
4-сынып білім алушыларымен кеңес сабағында ББЖМ-ге математика сауаттылығына дайындық жұмыстары жүргізілді. Пән мұғалімі Бақыт Г.А
|
6
Наурыз
2026
|
4 наурыз күні мектебіміздің 7-сынып білім алушысы Берік Айару, облыстық Мұқағали Мақатаев оқуларына қатысып келді. Құттықтаймыз Жетекшісі: Мақпал Досымбайқызы
10-шы аймақ ОҚИДЫ" облыстық акциясына мектебіміздің АӘжТЖ мұғалім мен 5-10 сынып білім алушылары қатысты. 2026 жылдың дауыстап оқуға Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығына орай шығармалары таңдалды. #Ыбырай_Алтынсарин_185жыл #дауыстап_кітап_оқиды
|
6
Наурыз
2026
|
8-наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай 2-сыныпта “Ана – өмір шуағы” атты мерекелік ертеңгілік өтті. Мерекелік кештің басты қонақтары – аяулы аналарымыз болды. Білім алушылар аналарына деген ыстық ықыластары мен шексіз махаббаттарын ән арқылы жеткізіп, мың бұрала би билеп, жүрек тебірентерлік өлеңдер оқыды. Ертеңгілік барысында қызықты ойындар ұйымдастырылып, аналар мен балалар бірге қатысып, көтеріңкі көңіл күйге бөленді. Балалардың шынайы күлкісі мен аналардың қуанышты жүздері кештің шырайын аша түсті. Соңында білім алушылар өз қолдарымен дайындаған сыйлықтарын табыстап, аналарға деген алғыстарын білдірді Сынып жетекші: Жумашева. О.О #Адал_азамат #анаға_арнау #8наурыз
|
6
Наурыз
2026
|
Бүгін мектеп басшысы Қоскадамова
Тамаша Шамеловна тәлімсәт барысында аудандық шахмат байқауынан жүлделі 1 орын алған жеңімпаздарды салтанатты түрде құттықтап, мақтау қағаздарын берді. Барлық мектептің дарынды білім алушларын жеңістерімен құттықтап, оқуда шығармашылық жетістіктер тілейміз !
Aғa тәлімгер: Шайзада С.
#дарындыбілімалушылар
#сапалыбілім
#байқаужүлдегерлері






