|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Сапар Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Сапара Ергалиева» отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
|
13
Наурыз
2026
|
Эвакуациялық жаттығу .
Эвакуация жаттығуының мақсаты – адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – өрт, жер сілкінісі немесе басқа төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет етуді үйрету.
Эвакуация жоспарын тексеру – ғимараттағы эвакуация жолдары мен шығу есіктерінің тиімділігін бақылау.
Қызметкерлер мен оқушыларды дайындау – әркімнің өз міндетін білуін қамтамасыз ету.
Уақытты өлшеу – адамдардың ғимараттан қанша уақытта шығатынын анықтау.
Дүрбелеңді болдырмау – адамдарды сабырлы және тәртіппен эвакуациялауға үйрету.
Қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру – төтенше жағдайға дайындық деңгейін арттыру.
Жетекшісі : Едресов Н.К
|
13
Наурыз
2026
|
Туберкулёз- қауіпті жұқпалы ауру тақырыбында мектеп медбикесі Ғ.Уалиева түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, буклеттерді таратты.
|
13
Наурыз
2026
|
«Қызықты ағылшын» үйірмесі өз жұмысын жалғастыруда. Мақсаты:
- Білім алушылардың ағылшын тілінен сабақта алған білімдерін тереңдету;
- тапсырмаларды өз бетінше шешуге, пікір айтуға, ізденіп зерттей білуге үйрету;
- пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Жетекшісі: Абдина А.Е.
#TopIQ#almatykitap
«Адал азамат: Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру мақсатында 5-сыныпта «Бәрінен де биік - Ана» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: Білім алушыларға ананың өмірдегі орны мен маңызын түсіндіру, анаға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін қалыптастыру. Білім алушыларды ата-анасын қадірлеуге, мейірімділікке, қамқорлыққа және алғыс айтуға тәрбиелеу. Сынып жетекшісі: Абдина А. Е. #адал_азамат_біртұтас_тәрбие
|
10
Наурыз
2026
|
"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 8-наурыз мерекесі қарсаңында "Анаға арнау" құттықтау челленджіне 7-сынып білім алушылары қатысып, аналарын мерекемен құттықтады. Сынып жетекшісі: Сапабекова А.С. #Адал_азамат #анаға_арнау #челлендж
«АНА-ӨМІР ШУАҒЫ» МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ! Бүгін мектебімізде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Ана-өмір шуаға» атты мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – аналарға құрмет көрсету, олардың мейірімі мен еңбегін дәріптеу, оқушылардың ата-анаға деген сүйіспеншілігін арттыру. Концерттік бағдарлама барысында білім алушылар аналарға арналған өлеңдер оқып, ән айтып, би биленді, жүрекке жылы тілектер айтылды. Білім алушылар өз өнерлері арқылы аналарға деген алғыстарын білдіріп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Іс-шара өте әсерлі өтіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ұстаздар мен аналар білім алушылардың өнеріне ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты. Ұйымдастырушылар: 7-сынып жетекшісі А.С. Сапабекова және аға тәлімгер С. Шайзада. #Адал_азамат #СапарЕрғалиеватындағыЖББМ #8Наурызаналармерекесі #Өзінөзібасқаруұйымы
|
10
Наурыз
2026
|
8-наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай 1-сыныпта “Ана – өмір шуағы” атты мерекелік ертеңгілік өтті. Мерекелік кештің басты қонақтары – аяулы аналарымыз болды. Білім алушылар аналарына деген ыстық ықыластары мен шексіз махаббаттарын ән арқылы жеткізіп, жүрек тебірентерлік өлеңдер оқыды. Ертеңгілік барысында қызықты ойындар ұйымдастырылып, аналарға арнап жасалған сыйлықтар сыйланды. Сынып жетекші: Галимжанова Б.Б. #Адал_азамат #анаға_арнау #8наурыз






