|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Сапар Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Сапара Ергалиева» отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
|
26
Ақпан
2026
|
Аудандық семинардағы тақырыбым: «Білім беру үдерісіндегі сенімді қарым-қатынас: мұғалім – оқушы – ата-ана» Мақсаты: Мұғалімдердің коммуникативтік құзыреттілігін арттыру Қарым-қатынастағы психологиялық кедергілерді анықтау Мұғалім–оқушы–ата-ана үштігіндегі сенімді модель қалыптастыру Эмоционалдық күйзелістің алдын алу. Өткізген: Жортынбаева М.О.
|
26
Ақпан
2026
|
МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ-МАҢЫЗДЫ ІС. Мектебіміздің жоғары сынып оқушылары А.Байтұрсынов атындағы Қостанай Өңірлік Университетінің мамандарымен ZOOM платформасы арқылы кездесті. Кездесу барысында оқыту мамандықтары, студенттерге қарастырылған жеңілдіктер мен мүмкіндіктер туралы толық ақпарат берілді. Педагог-кәсіби бағдар беруші: А. Акпанбетова #еңбегіадалжасөрен #кәсібибағдарберу #профориентация
|
26
Ақпан
2026
|
"Digital Earth" география пәні мұғалімдеріне арналған облыстық қашықтық олимпиадасының қорытындысы бойынша мектебіміздің география пәні мұғалімі Акпанбетова Айдана Кайратова ең жоғары ұпай жинап, жүлделі 1-орын иеленді. Әріптесімізді кезекті жеңісімен шын жүректен құттықтай отыра толағай табыстар тілейміз!
|
26
Ақпан
2026
|
«ДЕНСАУЛЫҚ-БАСТЫ БАЙЛЫҚ» СПОРТЫҚ ТОЛАҒАЙ ОЙЫНЫ ӨТТІ!.
Бүгін мектебімізде орта буын және жоғарғы сынып білім алушылары арасында «Денсаулық-басты байлық» спортық толағай ойыны өтті.
Спортық іс-шараның мақсаты салауатты өмір салтын қалыптастыру, білім алушылар арасындағы спорт мәдениетін кең тарату.
Спортық бұл жарыс - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Спортық жарыс екі кезеңнен тұрып, оған «Қыран», «Толағай», «Олимп» топтары қатысты. Әр кезеңде топ мүшелері ептіліктерімен, қырағылықтарымен көзге түсті.
Олардың еңбектерін таразылаған сарапшылар, ойын соңында әділ бағаларын берді.
🏆Сайыс қорытындысы бойынша І орынды «Олимп» тобы, ІІ орынды «Толағай» алса, ал ІІІ орын «Қыран» тобының еншісіне тиді.
Спорттық шараға белсене қатысқан топ мүшелеріне мектеп басшысының мақтау қағаздары мен кубоктар табысталды.
Дене шынықтыру пәні мұғалімі: Орынбай Т.О.
Аға тәлімгер: Шайзада С.
#Адал_азамат
#Адал_азамат_біртұтас_тәрбие
#СапарЕрғалиеватындағыЖББМ
#Өзінөзібасқаруұйымы
#Спортжәнеденсаулық
#Толағайойыны
|
24
Ақпан
2026
|
4-сынып білім алушыларымен кеңес сабағында ББЖМ-ге оқу сауаттылығына дайындық жұмыстары жүргізілді. Пән мұғалімі
Бақыт Г.А
|
24
Ақпан
2026
|
"Адал Азамат: біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында "Жастар" дебат клубының кезекті отырысында "Телефон тәуелділігі - үлкен мәселе ме?" тақырыбында дебатшылар арасында әңгіме өткізілді. Мақсаты: Телефонның зияны мен пайдасы туралы пікірлесу; Тәуелділік туралы ойларын тыңдау, өз ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру; Бір- бірінің пікірін сыйлауға тәрбиелеу. Жетекші: А.Сапабекова #Адал_азамат #Дебат #Жастар_клубы
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімі Сапар Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің 5-сынып білім алушысы Ниязбек Әділет «Тұлпар мініп, ту алған» байқауы бойынша «Алпамыс батыр» жырын жаттап дайындалуда Жетекшісі: Жортынбаева М.О. @qostanai_epos






