|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Сапар Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Сапара Ергалиева» отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
|
27
Ақпан
2026
|
#Оқу_айдары 9-сынып бiлiм алушыларымен ББЖМ-ға және қорытынды аттестацияға дайындық кеңес сабағы өткізілді. Пән мұғалімі: Т.Коскадамова
|
26
Ақпан
2026
|
#оқу_айдары БОЛАШАҚ КОДЫ:МИФ» атты математика, физика, информатика апталығының ашылуы. Мақсаты: бiлiм алушылардың пәндерге қызығушылығын арттыру, логикалық ойлауын дамыту және білімдерін тереңдету. Сонымен қатар, ғылыми көзқарасын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін шыңдау және заманауи технологияларды тиімді қолдануға баулу. Апталық барысында ашық сабақтар, танымдық сайыстар, тәрбиелік іс-шаралар өтеді. Әдістемелік бірлестік жетекшісі: Сапабекова А. С.
|
26
Ақпан
2026
|
4-сынып білім алушыларымен кеңес сабағында ББЖМ-ге математика сауаттылығына дайындық жұмыстары жүргізілді. Пән мұғалімі Бақыт Г.А
|
26
Ақпан
2026
|
«Қиын сәтте – жай ғана қоңырау шал!» Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Психологиялық қолдау мен тәрбие жұмысының өңірлік оқу-әдістемелік орталығы бастамасымен мектебімізде психологиялық қолжетімді көмек туралы ақпараттық-түсіндіру акциясы өткізілді. Мақсаты: Оқушылар мен педагогтерге қиын жағдайда жалғыз қалмау, дер кезінде кәсіби психологиялық көмекке жүгіну мүмкіндігі бар екенін жеткізу. Акция аясында: МАДс–11 сынып оқушыларына ақпараттық парақшалар таратылды Мұғалімдерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Егер мазалайтын ой, алаңдататын сезім болса – үндемей қалмаңыз.
Жай ғана қоңырау шалыңыз. Бірге – қауіпсіз, қолдаушы және сенімді білім беру ортасын құрамыз!
Өткізген: педагог-психолог М.Жортынбаева #ҚиынСәттеҚоңырауШал
|
26
Ақпан
2026
|
Аудандық семинарда шебер сынып өткізілді. Тақырыбы: “Бастауыш сыныптарда қарапайым тәжірибелер арқылы зерттеушілік дағдыларды дамыту” Мақсаты:Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік дағдыларын дамытуда қарапайым тәжірибелерді тиімді қолдану жолдарын көрсету, мұғалімдердің тәжірибе алмасуын ұйымдастыру. Шебер сынып өз мақсатына жетті. Қатысушылар қарапайым тәжірибелер арқылы оқушылардың зерттеушілік қабілетін дамытуға болатынына көз жеткізді. Мұғалімдер тәжірибелік бөлімді жоғары бағалап, әдістерді өз сабақтарында қолдануға ниет білдірді. Шебер сынып өткізген бастауыш сынып мұғалімдері: Сапабекова. А.С Жумашева. О.О, Бақыт. Г. А
|
26
Ақпан
2026
|
9-сынып білім алушыларымен кеңес сабағында ББЖМ-ге оқу сауаттылығы пәнінен дайындық жұмыстары жүргізілді. Пән мұғалімі Кабылдина М.Д.






