Сәуір айының 15-күні "Әлемнің үш тірегі: химия, биология, география" тақырыбында жаратылыстану ғылымдары апталығы аясында биология пәні мұғалімі Айтуғанова Гаухар Нұрымжанқызы "STEAM технологияларын қолдану арқылы ғылым-жаратылыстану сауаттылығын дамыту" тақырыбында шебер-сынып көрсетті. Шебер-сынып барысында ұстаздар "төрт суреттен бір сөз" құрастырып, сол құбылысты зертханалық құралдардың көмегімен тәжірибеде байқап көрді. География пәні мұғалімі Айдана Қайратқызы Акпанбетова ұстаздармен "Қызық екен..." атты интеллектуалды сайыс өткізді. Сайыс барысында ұстаздар Жер шарының кішірейтілген модельі - глобус жасап көрді және әлемнің түрлі салаларын қамтыған қызықты сұрақтарға жауап беріп жарысты.
Жауапты мұғалімдер: А.Қ. Акпанбетова, Г.Н. Айтуғанова






