|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Сапар Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Сапара Ергалиева» отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
|
27
Ақпан
2025
|
⚜️"Жасампаздық және жаңашылдық айы"
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасын іске асыру аясында 6- сынып білім алушылары өздерін қызықтыратын кітаптарды оқыды.
Сынып жетекші: А. Сапабекова
#біртұтас_тәрбие
#оқуға_құштар_мектеп
|
19
Ақпан
2025
|
📚Оқу айдары
География пәнінен 9-сынып білім алушыларымен "Қазақстандағы урбандалу үдерісі" тақырыбында өткізілген сабақта білім алушылар "Білім-класс" әдісі арқылы өздерін бағалады және тақырыпқа қатысты ребус шешіп, топта Қазақстан қалаларының ерекшеліктерін талдап, сынып алдында қорғады. Сабақ соңында тақырыпқа қатысты тұжырымдар бойынша "Ақиқат-Жалған" ойынымен бекіту жүргізілді.
Пән мұғалімі: А.Қ.Акпанбетова
#оқу_айдары
|
19
Ақпан
2025
|
Таза Қазақстан акциясы аясында мектебіміздің "Жас эколог" үйірмесінің мүшелері мектептегі гүлдерді баптап, оларды суарып күтуде.
#ТазаҚазақстан
Мектепке дейінгі ұйымдарда "Бірыңғай өрт қауіпсіздігі" күні республикалық акциясы аясында
Мектепалды даярлық тәрбиеленушілеріне тәрбиеші өрт қауіпсіздік ережелерінен қалай сақтану керектігі жайлы түсіндірме жұмыстарын және іс-шарасы жүргізілді.
Мақсаты: балаларға мектеп, үй жағдайларында өрт қауіпсіздік ережесін сақтауға және үлкендердің көмегінсіз шырпы, газ, үтік заттарды қолданбауға үйрету.
Тәрбиеші: Сапабекова Ж.Ж.
|
19
Ақпан
2025
|
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында "Ғылым мен техника жетістіктері" тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Мақсаты: бiлiм алушыларға ғылым мен техниканың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру. Ғылым мен техниканың жетістіктері арқылы қоғамның дамуындағы өзгерістерді көрсету.
Сынып жетекшісі: Сапабекова А. С.
#біртұтас_тәрбие
#сынып_сағаты
|
12
Ақпан
2025
|
#Оқу айдары📚
12.02 күні шетел тілі пәнінің мұғалімі Мұрат Т.А. "Рудный қаласы білім бөлімінің Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясы" КММ мұғалімі Бахрамова С.А. бірігіп, 10- сынып білім алушыларымен Zoom конференциясы арқылы “The symptoms of stress” тақырыбында кіріктірілген сабақ өткізіп, іс-тәжірибелерімен бөлісті. Білім алушылар сабақта мәтінмен жұмыс жасай отырып,айтылым дағдыларын қалыптастыра алды.
|
12
Ақпан
2025
|
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасын іске асыру аясында 2- сынып білім алушылары қызықты кітаптарды оқыды.
Сынып жетекші: А. Сапабекова
#біртұтас_тәрбие
#оқуға_құштар_мектеп






