ЭКОЧЕЛЛЕНДЖ – ТАБИҒАТҚА ҚАМҚОРЛЫҚ!
24 наурыз күні Наурызнаманың 10 күндігіне байланысты "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Экочеллендж күні ұйымдастырылды.
Экочеллендж күніне орай біздің мектеп білім алушылары қоршаған ортаны қорғауға бағытталған игі іске белсенді қатысты.
Мақсаты: білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатты аялауға баулу және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау дағдыларын дамыту.
Челлендж барысында:
Гүлдер отырғызылды
Бөлме гүлдеріне күтім жасалды
Экологиялық мәдениет туралы түсіндіру жұмыстары өтті
Бұл бастама – табиғатты аялауға, болашаққа жауапкершілікпен қарауға бағытталған маңызды қадам.
Біз – таза табиғат үшін!
#Адал_азамат_біртұтас_тәрбие
#Эко_челлендж
|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Сапар Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Сапара Ергалиева» отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|






