|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Сапар Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Сапара Ергалиева» отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
Адал Азамат: біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында "Жастар" дебат клубының кезекті отырысында "Әлеуметтік желінің оқушыларға пайдасы мен зияны" тақырыбында дебатшылар арасында әңгіме өткізілді. Мақсаты: Бір- бірімен саналы қарым-қатынасын қалыптастыруда әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны туралы пікірталас өткізу; Өзін- өзі басқару, бағалау және рефлексиялық ойлау дағдыларын қалыптастыру. Жетекші: А.Сапабекова #Адал_азамат #Дебат #Жастар_клубы
Адал азамат: Біртұтас тәрбие" бағдарламасын іске асыру мақсатында 1-сыныпта "Заң мен тәртіп" тақырыбында құқықтық сабақ өткізілді.
Мақсаты: Білім алушыларға заң мен тәртіп туралы қарапайым түсінік беру, ережелердің маңыздылығын ұғындыру, тәртіпті болуға тәрбиелеу.
Сынып жетекшісі: Галимжанова Б.Б.
#адал_азамат_біртұтас_тәрбие
#құқықтық_ сабақ
Аудандық ювиналдық полиция қызметкерлері 7-11 сынып білім алушыларымен “Жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын алу”тақырыбында кездесу өткізді. Мақсаты: жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу; есірткі заттарының зияны мен құқықтық салдары туралы түсіндіру; салауатты өмір салтын насихаттау және құқық бұзушылықтың алдын алу үшін жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру. Кездесу барысында полиция мойоры А.Малаева білім алушыларға арнайы жадынама үлестірді. Полиция подполковнигі Н.Б.Нурекин білім алушылардың сұрақтарына жауап берді. Әлеуметтік педагог: Э.Абдулахан. #заңжәнетәртіп #құқықбұзушылық
Адал азамат: Біртұтас тәрбие" бағдарламасын іске асыру мақсатында 3-сыныпта "Менің үйім- менің бекінісім. Балалардың үйге құқығы"тақырыбында құқық сабағы өткізілді.
Мақсаты: Білім алушыларға әр баланың қауіпсіз, жайлы баспанаға құқығы бар екенін түсіндіру; "Үй" ұғымының жай ғимарат емес, мейірім, қамқорлық пен қорғаныш ортасы екенін ұғындыру.
Сынып жетекшісі: А. Сапабекова
#адал_азамат_біртұтас_тәрбие
#құқықтық_ сабақ
"Адал азамат: Біртұтас тәрбие" бағдарламасын іске асыру мақсатында 7-сыныпта "Қылмыстық қылық. Бопсылаушылық (ҚР Қылмыстық кодексі 194-бап)" тақырыбында құқық сабағы өткізілді.
Мақсаты: Білім алушыларға бопсылаушылықтың не екенін түсіндіру, қорқыту мен қысымның заңға қайшы екенін ұғындыру, өз құқықтарын қорғауға үйрету.
Сынып жетекшісі: А. Сапабекова
#адал_азамат_біртұтас_тәрбие
#құқықтық_ сабақ
Мектеп басшысы Қоскадамова
Тамаша Шамеловна тәлімсәт барысында білім алушыларды республикалық жене облыстық түрлі байқаулар мен
олимпиадалар жеңімпаздарын салтанатты түрде құттықтап, мақтау қағаздарын берді.
Барлық мектептің дарынды білім алушларын жеңістерімен құттықтап, оқуда шығармашылық жетістіктер тілейміз !
Aғa талімгер: Э.Абдулахан.
#дарындыбілімалушылар #сапалыбілім
#байқаужүлдегерлері
#ҰЛТТЫҚОЙЫН
|
2
Ақпан
2026
|
Мектеп жанындағы интернатта кезекшілік атқарылды. Тәрбиеленушілердің жай күйін бақылап тәрбиешімен жеке әңгімелесу жүргізілді.
БТІЖО: М.Кабылдина






