|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Сапар Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Сапара Ергалиева» отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
|
5
Ақпан
2026
|
11-сынып білім алушыларына YouTube платформасы арқылы «Закладчики» тақырыбындағы бейнеролик көрсетілді. Бейнероликте заңсыз әрекетке тартудың жолдары, оның қауіптілігі және салдары берілген. Көрсетілімнен кейін білім алушылармен талқылау жүргізіліп, бейтаныс адамдардың ұсыныстарына сенбеу, күмәнді хабарламалардан сақтану туралы ой бөлісілді.
Сынып жетекшісі : Айтуғанова Г.Н.
|
5
Ақпан
2026
|
5-сынып білім алушыларына YouTube платформасы арқылы «Закладчики» тақырыбындағы бейнеролик көрсетілді. Бейнероликте заңсыз әрекетке тартудың жолдары, оның қауіптілігі және салдары берілген. Көрсетілімнен кейін білім алушылармен талқылау жүргізіліп, бейтаныс адамдардың ұсыныстарына сенбеу, күмәнді хабарламалардан сақтану туралы ой бөлісілді.
Сынып жетекшісі : Абдина А. Е.
|
5
Ақпан
2026
|
Адал Азамат: біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында "Жастар" дебат клубының кезекті отырысында "Онлайн форматта оқу тиімді ме?" тақырыбында жоғары сынып дебатшылары арасында пікірталас өткізілді.
Мақсаты: Дебатшыларды өз пікірлерін ортаға салып, дәлелмен сөйлеуге үйренеді; Бір- бірінің пікірін тыңдай білуге дағдыланады.
Жетекші: А.Сапабекова
#Адал_азамат
#Дебат
#Жастар_клубы
|
5
Ақпан
2026
|
11- сынып білім алушыларына YouTube платформасы арқылы «Закладчики. Расплата» тақырыбындағы бейнеролик көрсетілді. Бейнероликті көрсетудегі мақсат есірткі бизнесінің шынайы әрі аяусыз салдарын ашып көрсету. Көрсетілімнен кейін білім алушылармен талқылау жүргізіліп, бейтаныс адамдардың ұсыныстарына сенбеу, күмәнді хабарламалардан сақтану туралы ой бөлісілді.
Сынып жетекшісі : Айтуғанова Г.Н.
|
4
Ақпан
2026
|
#Оқу_айдары
11-сынып бiлiм алушыларымен математика пәнінен қорытынды аттестацияға дайындық кеңес сабағы өткізілді. Мақсаты:Білім алушылардың математика пәні бойынша қорытынды аттестацияға дайындық деңгейін арттыру, негізгі тақырыптар бойынша білімдерін жүйелеу және бекіту, есеп шығару дағдыларын жетілдіру, типтік қателермен жұмыс жүргізу арқылы нәтижеге бағыттау.
Пән мұғалімі: Сапабекова А.С.
|
4
Ақпан
2026
|
#Оқу_айдары
Оқуға құштар мектеп
Мақсаты: Білім алушыларды ертегілер әлеміне қызықтыру, адамгершілік мәдениетін қалыптастыру, оқуға баулу.
5-сынып
Сынып жетекшісі:
Абдина А.Е.
#оқуға_құштар_сынып
#адал_азамат_бiртұтас_тәрбие
Адал азамат: Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру мақсатында 5-сыныпта «Біз бір-бірімізден немен ажыратыламыз?» Толеранттық қарым-қатынас»тақырыбына құқық сабағы өткізілді. Мақсаты: Білім алушыларға адамдардың бір-бірінен айырмашылықтарын түсіндіру;Толеранттық қарым-қатынас ұғымын қалыптастыру; Бір-біріне құрметпен қарауға, сыйластыққа тәрбиелеу; Құқық пен міндетті қарапайым деңгейде түсіндіру. Сынып жетекшісі: Абдина А.Е. #адал_азамат_біртұтас_тәрбие #құқықтық_ саяси_сабақ






