|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Сапар Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Сапара Ергалиева» отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, Ата -аналарды педагогикалық қолдау орталығының жоспары бойынша, "Өзіне -өзі көмектесу және өзін -өзі қорғау дағдыларын дамыту" тақырыбында тренинг өтті.
БТІЖО: М.Кабылдина
Әлеуметтік педагог:А.Абдулахан
Аға тәлімгер:С.Шайзада
Сынып жетекшілер
#Адал_азамат
#Ата_аналарды_педагогикалық_қолдау_орталығы
|
17
Сәуір
2026
|
📚ОҚУ_АЙДАРЫ
🔸2026 жылдың сәуір айының 16 жұлдызында «Әлемнің үш тірегі: химия, биология, география» тақырыбында жаратылыстану ғылымдары апталығы шеңберінде биология пәні мұғалімі Абдулахан Элнора Темурқызы 8-сынып білім алушыларымен «Ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктердің тіршілік циклі» тақырыбында ашық сабақ өтті.
🎯 Сабақтың мақсаты:8.2.1.3 ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктердің тіршілік циклінің ерекшеліктерін түсіндіру және ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктердің тіршілік циклінің ерекшеліктерін түсіндіру.
🔷Бүгінгі ашық сабаққа бақылаушы ретінде басшының оқу ісі-жөніндегі орынбасары Ильясова С.А., басшының тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары Кабылдина М.Д., орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бимуратова А.И. және жаратылыстану ғылымдары педагогтары қатысты.
🔶Сабақ соңында бақылаушы педагогтар пікірлерін білдіріп, алдағы уақытта әрі қарай да, қарқынды жұмыс істеуге тілектерін білдірді.
👩🏫Билолгия пәні мұғалімі: Абдулахан Э.Т.
#ашық_сабақ
#жаратылыстанубағыты
#СапарЕрғалиеватындағыЖББМ
|
16
Сәуір
2026
|
Сәуір айының 16-күні "Әлемнің үш тірегі: химия, биология, география" тақырыбында жаратылыстану ғылымдары апталығы аясында химия пәні мұғалімі Ильясова Сауле Айтуаркызы 9-сынып білім алушыларымен "Химия қызықты әлем" тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізді. Іс-шара барысында білім алушылар 5-кезеңнен тұратын тапсырмаларды орындап, химия пәнінен алған білімдері мен ғылыми түсініктерін тереңдетті. Қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, қызықты тәжірибелерді жасап қорытынды жасай алды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және әкімшілік пен ата-аналар арасындағы сенімді нығайту мақсатында «Адалдық аумағы» ашық есік күні өтті. Ашық есікке мектебіміздің ата-аналары қатысты.
|
16
Сәуір
2026
|
«Адал азамат: Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру аясында бейсенбі күні сыныпта сергіту сәті ұйымдастырылды. Мақсаты: Білім алушылардың қимыл - қозғалыс дағдыларын дамыту; Салауатты өмір салтын ұстануды үйрету.
5 -сынып білім алушылары
Сынып жетекшісі: Абдина А.Е.
#адал_азамат_біртұтас_тәрбие
#сергіту_сәті
|
16
Сәуір
2026
|
«Қызықты ағылшын» үйірмесі өз жұмысын жалғастыруда. Мақсаты:
- Білім алушылардың ағылшын тілінен сабақта алған білімдерін тереңдету;
- тапсырмаларды өз бетінше шешуге, пікір айтуға, ізденіп зерттей білуге үйрету;
- пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Жетекшісі: Абдина А.Е.
|
16
Сәуір
2026
|
🇰🇿РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ЖЕҢIМПАЗЫ, ГРАНТ ИЕГЕРІ.
⚜️ Қостанай қ. 10-11 сынып бiлiм алушылары арасында математика пәнінен «Алтын түлек» республикалық олимпиадасы
өтті.
Олимпиада қорытындысы бойынша
«Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Сапар Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің 11-сынып білім алушысы Жалғас Нұрдәулет жүлделі І орынға ие болды. Сонымен қатар, Академик Зұлқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің бiлiм грант иегері куәлігi табысталды.
Пән мұғалімі:Сапабекова Асем Сагымбаевна
✨Жалғас Нұрдәулетті шын жүректен құттықтаймыз! Жетістіктеріңіз арта берсін, биік белестерді бағындыра беріңіз! 👏👏👏






