Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы терроризм актілерін жасау қатерлері туралы халықтың ақпараттандырылу деңгейін арттыру мақсатында дайындалған бейнеролик негізінде білім алушылар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында жалған терроризм туралы хабарламалардың қоғамға тигізетін зардаптары, олардың құқықтық салдары және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарастырылған жауапкершілік туралы ақпарат берілді.
Түсіндіру жұмыстарының мақсаты – білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және азаматтық жауапкершілікті нығайту.
Аға тәлімгер: С.Шайзада






