|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Сапар Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Сапара Ергалиева» отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
|
28
Қыркүйек
2026
|
«Ескертілген адам – қорғалған адам!»
Мектебімізде профилактикалық жұмыстар аясында оқушылар арасында нашақорлық пен есірткіге байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру бейнероликтері көрсетілді.
Бейнематериалдарда есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстар үшін заң алдында жауапкершілікке ерекше назар аударылды. Білім алушыларға есірткіні тарату, сақтау және осы саладағы басқа да заңсыз әрекеттердің ауыр құқықтық салдарға әкелетіні түсіндірілді.
Мұндай профилактикалық жұмыстар жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға және құқық бұзушылықтың салдарын түсінуге ықпал етеді.
Заңды білу – өз таңдауың үшін жауапкершілікті сезіну!
|
28
Қыркүйек
2026
|
#үнемді_тұтыну
Үнемді тұтыну – табиғи ресурстарды, суды, электр энергиясын және азық-түлікті тиімді пайдалану. Әр адам күнделікті өмірінде үнемшілдікке дағдылануы керек.
💧 Суды үнемдейік! Кранды ашық қалдырмай, суды қажетіне қарай пайдаланайық.
2-сынып білім алушысы Дурысова Гулсая
Сынып жетекшісі: Галимжанова Б.Б.
|
28
Қыркүйек
2026
|
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 4- сыныпта “Бейтаныс адамға көмек көрсетуге бола ма?” тақырыбында қауіпсіздік сабағы өткізілді.
Мақсаты: бейтаныс адаммен байланыс кезіндегі қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру.
Сынып жетекшісі: Сапабекова А.С.
#Адал_азамат_біртұтас_тәрбие
#қауіпсіздік_сабағы
|
28
Қыркүйек
2026
|
«Оқитын ұлт» — бірге оқимыз, бірге дамимыз!
Кітап — білімнің, шабыттың және жаңа мүмкіндіктердің қайнар көзі. «Оқитын ұлт» байқауына қатысу оқуға деген қызығушылықты арттырып, дүниетанымды кеңейтуге және балаларды, ата-аналар мен педагогтерді әдебиет әлеміне деген сүйіспеншілікке біріктіруге мүмкіндік береді. 📖
Оқу әрқайсымыздың жақсы әдетімізге айналсын! Ал әр оқылған кітап — жаңа білім мен армандарға бастар бір қадам болсын!
#ОқитынҰлт #ОқитынҰлт2026 #БіргеОқимыз #КітапОқимыз #КітапБіріктіреді
|
28
Қыркүйек
2026
|
#Өнегелі 15минут аясында 3-сынып білім алушысы Берік Жансұлтан әжесімен демалыста жеміс салатын жасады.
Сынып жетекші: Жумашева. О.О
|
25
Қыркүйек
2026
|
📚# Оқу_айдары
Әр бейсенбі сайын 6-сынып білім алушысы Назарбаева Диянамен шетел тілі пәнінен олимпиадаға дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Мақсаты: білім алушылардың пән бойынша білімдерін дамыту, бекіту, іс жүзінде қолдана білуге үйрету; пәнге қызығушылығын арттыру.
Пән мұғалімі: Абдина А.Е.
Бейімбет Майлин ауданының құрылғанына 90 жыл толуына орай 6-сынып білім алушылары аудандық мұражайда ұйымдастырылған «Өлкетану ойыны» танымдық іс-шарасына қатысты.
Іс-шара барысында білім алушылар туған өлкенің тарихы мен мәдениеті туралы қызықты сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін сынады. Сонымен қатар шығармашылық тапсырма орындап, сурет салу арқылы туған жерге деген сүйіспеншіліктерін білдірді. 🎨📚
Сынып жетекшісі: Абдина А. Е






