«Ескертілген адам – қорғалған адам!»
Мектебімізде профилактикалық жұмыстар аясында оқушылар арасында нашақорлық пен есірткіге байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру бейнероликтері көрсетілді.
Бейнематериалдарда есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстар үшін заң алдында жауапкершілікке ерекше назар аударылды. Білім алушыларға есірткіні тарату, сақтау және осы саладағы басқа да заңсыз әрекеттердің ауыр құқықтық салдарға әкелетіні түсіндірілді.
Мұндай профилактикалық жұмыстар жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға және құқық бұзушылықтың салдарын түсінуге ықпал етеді.
Заңды білу – өз таңдауың үшін жауапкершілікті сезіну!






