|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Сапар Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Сапара Ергалиева» отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
|
30
Қыркүйек
2025
|
🔰2025 жылдың қыркүйек айының 26 жұлдызында «Сапар Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ 7-8 сынып білім алушылары арасында ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойына орай «Абай шығармашылығы» атты тақырыпта ауданымызға белгілі тұлғаларымен кездесу өтті.
🔰 мақсаты: Білім алушыларға ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл-мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Көркем сөйлеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.
🔰Кездесу барысында, білім алушыларға Мамай Тұрысбекұлы өзінің хакім Абайға арнаған шығармашылық туындысымен бөлісіп, жетістіктерін тілге тиек етті. Сонымен қоса, қазақ домбырасын серік еткен Айбек Балтабай, сахна өнерінің саңлағы Мархабат Берікұлы және аудандық білім бөлімінің әдіскері, тіл жанашыры Алия Айдаралиевна келіп, ізгі тілектерін айтты.
🔰Шығармашылық кездесу соңында білім алушыларымыз Салімжан Әліби Абайдың өлеңін мәнерлеп жатқа оқыса, ал Берік Айару өзінің Абай атамызға арнауын оқыды.
⚜️⚜️⚜️Шығармашылыққа толы кездесуде Мәдениет үйінің домбыра үйірмесінің жетекшісі Айбек Балтабай Абайдың «Торжорға» күйін тарту етті.
Әдеби кешті ұйымдастырушылар: БТІЖО: М.Кабылдина Аға тәлімгер: Ш.Сейсембай
#АдалАзамат
#АбайҚұнанбаев
#180жыл
|
30
Қыркүйек
2025
|
"Адал азамат' біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Мадс- 4- сынып аралығында " Күз сыйы" атты қолөнер көрмесіне Мектепалды даярлық тәрбиеленушілері ата- аналарымен бірге жасаған жұмыстарымен бөлісті. Мақсаты: Балаларды еңбекқорлыққа, әдемілікке баулу.
Тәрбиеші: Сапабекова Ж.Ж
МАДс.
#Адал_азамат_біртұтас_ тәрбие
# Altyn_kuz
|
30
Қыркүйек
2025
|
📚 Үй тапсырмасын орындау сәті
Балалар зейін қойып, білімдерін толықтыруда. 💡
Жетекші: Сейдалы А.С
#ҚосымшаСабақ #МектепӨмірі #ҮйТапсырмасы
|
26
Қыркүйек
2025
|
⚜️"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мектебімізде бейсенбі, жұма күндері "Ұлттық ойындар" ойнатылады
Мақсаты: білім алушыларды ұлттық құндылықтарға, шапшандыққа баулу, құндылықтарды қалыптастыру.
Жауапты: дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Каскадамов А.А.
#Адал_азамат
#ұлттық_ойындар
|
26
Қыркүйек
2025
|
🔰"Адал азамат: Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында мектебімізде бейсенбі, жұма күндері дене жаттығулары ұйымдастырылады. Мақсаты: Білім алушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру; дене жаттығуларын жасауды қалыптастыру.
Жауапты: Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Каскадамов А.А.
#адал_азамат_біртұтас_тәрбие
#дене_жаттығулары
|
26
Қыркүйек
2025
|
"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мектебімізде МАДс-4 сыныптар арасында «Күз сыйы» тақырыбында қолөнер көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты: - білім алушыларды сұлулық әлемімен таныстыру, гүлдердің сұлулығына, түрлі өсімдіктердің жемістеріне, күзгі жапырақтарға тамсануға үйрету;
- Табиғи материалдармен жұмыс істеуге тұрақты қызығушылықты арттыру;
- Табиғатқа деген сүйіспеншілікке, оны құрметтеуге тәрбиелеу;
- Балалар мен ата-аналар арасында достық қарым-қатынасты қалыптастыру. Қатысқан білім алушылар мақтау қағаздары мен сыйлықтармен марапатталды.
Жауапты сынып: 5-сынып.
Сынып жетекшісі: Абдина А. Е.
#Адал_азамат_біртұтас_тәрбие
#altyn_kuz
|
26
Қыркүйек
2025
|
"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мектебімізде 5-8 сыныптар арасында «Арайлы алтын күз» атты күзгі кеш ұйымдастырылды.
Мақсаты: білім алушылардың өнерін, шығармашылығын дамыту, ұйымшылдыққа, әсемдікті бағалауға тәрбиелеу. Кеш нәтижесінде 5-сынып «Ең үздік сән үлгісі», 7- сынып «Интерактивті ойында тапқырлығы мен ұйымшылдығы» үшін және 6-сынып «Шынайы қызығушылық пен көңілді көңіл-күй сыйлағаны» үшін мақтау қағаздарымен марапатталды. Қатысқан білім алушылар мен сынып жетекшілерге, ат салысқан ата-аналарға көп рақмет!
Жауапты сынып: 5-сынып.
Сынып жетекшісі: Абдина А. Е.
#Адал_азамат_біртұтас_тәрбие
#altyn_kuz






