|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Сапар Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Сапара Ергалиева» отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
|
10
Желтоқсан
2024
|
"Жас ғалым. KST" жобасы аясында Лисаковск техникалық колледжі ұйымдастырған "Жас ұрпақ: құндылық бағдарлары және перспективалары" "Желтоқсан оқулары-2024" ХІV Өңірлік ғылыми-практикалық конференциясына мектебіміздің 10-сынып оқушысы Мурзабаева Дария мен 11-сынып оқушысы Аманбаева Жанерке қатысып 1 дәрежелі Дипломмен марапатталды. Жетекшісі физика пәнінің мұғалімі Кулмагамбетова Кулсара Шамшиновна. Оқушыларымыз бен пән мұғалімін жеңістерімен құттықтаймыз!!!
|
10
Желтоқсан
2024
|
Желтоқсан айының 5-6 жұлдызы аралығында Алматы қаласында "Үздік авторлық бағдарлама" байқауының республикалық кезеңі өтті.
Қостанай облысынан 9 педагог өңіріміздің намысын қорғады. Мектебіміздің география пәні мұғалімі Акпанбетова Айдана Қайратқызы айтулы байқауда жүлделі 3-орын иеленді
|
10
Желтоқсан
2024
|
Оқу мен тәрбие айдары.
Мектеп басшысы апта лездемесінде оқу мен тәрбие бойынша білім алушылардың марапаттарын табыстады. Жеңімпаздарды
марапаттарымен құттықтаймыз
#біртұтас_тәрбие
#апта лездемесі
|
10
Желтоқсан
2024
|
⚜️"Біртұтас тәрбие" бағдарламасын іске асыру аясында, "Өнегелі 15 минут" айдары шеңберінде 4-сынып білім алушысы Жұмаш Ерхан әкесімен тоғыз құмалақ ойнады.
Сынып жетекшісі: Галимжанова Б.Б.
#біртұтас_тәрбие
#өнегелі_15_минут
|
10
Желтоқсан
2024
|
09.12.24. Мектеп жанындағы интернатта кезекшілік атқарылды. Білім алушылардың көңіл күйлерін бақылау. Балалардың сабаққа деген ынтасын арттыруға бағыт - бағдар беру мақсатында тәрбиешілер және білім алушылармен әңгіме жүргізілді.
Білім алушылардың көңіл күйлері жақсы. Сабақтарын оқып, шахмат ойнап, бос уақыттарын тиімді өткізуде.
БТІЖО: М.Кабылдина
#мектепжанындағыинтернат
|
7
Маусым
2024
|
Хабарландыру!!! Құрметті ата-аналар мен оқушылар!
Мектебімізде 03.06-21.06, 24.06.-12.07, 15.07-02.08 аралығында "Балапан" денсаулық жақсарту алаңы жұмыс жасайды. Жұмыс уақыты 10.00-13.00. Сұрақтар бойынша осы номерге хабарласуға болады +7 776 731 4930.






