#Адал_азамат біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында мектебімізде жаңа жыл мерекесіне орай 1–2 сынып білім алушылары арасында “Төрлет, Жаңа жыл!” тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға жаңа жылдық көңіл-күй сыйлау, өнерге баулу, бір-біріне деген достық қарым-қатынасты нығайту және мерекелік дәстүрлерді насихаттау.
Мереке әсем безендірілген залда өтті. Шара барысында білім алушылар тақпақтар айтып, ән шырқап, би билеп, түрлі қызықты ойындар мен сайыстарға белсене қатысты. Әсіресе Аяз ата мен Ақшақардың келуі балаларға ерекше қуаныш сыйлады. Олар білім алушылардың өнерін тамашалап, жылы лебіздерін білдірді.
#жаңа_жыл_2026
#төрлет_жаңа_жыл
#өзінөзібасқаруұйымы
#МектепПарламенті
#ДОСБОЛLIKE
Сынып жетекшілер: Галимжанова Б.Б Жумашева. О.О
Аға тәлімгер: Шайзада С.






