⚜️МЕКТЕП БАСШЫСЫНЫҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ!
🔰2025 жылдың желтоқсан айының 8-12 жұлдызы аралығы Орал қаласында Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Мырза Әлінің 90 жылдық мерейтойына арналған жасөспірімдер арасында тоғызқұмалақтан Республикалық деңгейде жарыс өтті.
🔷Осы орайда дүбірлі додаға Қостанай облысының атынан С.Ерғалиев атындағы ЖББМ-нің білім алушысы Ниязбек Әділет Орал төрінде қанжығасына І орынды байлап, алтын медаль және ақшалай сыйлыққа ие болған еді.
🔺Бүгін дүбірлі додада жеңіспен оралған Ниязбек Әділетті мектеп басшысы Коскадамова Тамаша Шамелевна құттықтап, ізгі тілегін білдіріп, жатықтырушысы Орынбай Тұралы Орынбайұлына толағай жеңістер тіледі.
🔶 Республика төрінде жүлделі орын алған білім алушыны шын жүректен құтықтаймыз.
Аға тәлімгер: Шайзада С
|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Сапар Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Сапара Ергалиева» отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|






