ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Сапар Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Сапара Ергалиева» отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области
с. Әйет, ул. Ельдеса Омарова, 3
8 (71436) 3-74-71
sh_ergalyeva@mailin-roo.edu.kz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Сапар Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Сапара Ергалиева» отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз

🔰2025 жылдың қыркүйек айының 26 жұлдызында «Сапар Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ 7-8 сынып білім алушылары арасында ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойына орай «Абай шығармашылығы» атты тақырыпта ауданымызға белгілі тұлғаларымен кездесу өтті.
🔰 мақсаты: Білім алушыларға ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл-мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Көркем сөйлеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.
🔰Кездесу барысында, білім алушыларға Мамай Тұрысбекұлы өзінің хакім Абайға арнаған шығармашылық туындысымен бөлісіп, жетістіктерін тілге тиек етті. Сонымен қоса, қазақ домбырасын серік еткен Айбек Балтабай, сахна өнерінің саңлағы Мархабат Берікұлы және аудандық білім бөлімінің әдіскері, тіл жанашыры Алия Айдаралиевна келіп, ізгі тілектерін айтты.
🔰Шығармашылық кездесу соңында білім алушыларымыз Салімжан Әліби Абайдың өлеңін мәнерлеп жатқа оқыса, ал Берік Айару өзінің Абай атамызға арнауын оқыды.
⚜️⚜️⚜️Шығармашылыққа толы кездесуде Мәдениет үйінің домбыра үйірмесінің жетекшісі Айбек Балтабай Абайдың «Торжорға» күйін тарту етті.
Әдеби кешті ұйымдастырушылар: БТІЖО: М.Кабылдина Аға тәлімгер: Ш.Сейсембай

#АдалАзамат
#АбайҚұнанбаев
#180жыл

© 2025. Все права защищены.