"Біртұтас тәрбие" бағдарламасын жүзеге асыру аясында мектебімізде денсаулық жақсарту алаңының бүгінгі күні "Саяхат күні" тақырыбында өткізілді.
🔰Мақсаты: Балалардың жазғы демалысын тиімді, қызықты өткізуге мүмкіндік жасау. "Балапан" денсаулықты лагерінде балаларды қабылдап алып, лагерьдің ережелерін қайталап естеріне түсірдік. Таңертеңгі сергіту жаттығулары жасалды. Алишер Алматович балалар арасында жүгіруден жарыс ұйымдастырды.
Шетел тілі мұғалімі Мұрат. Т. Таза ауада ойындар ойнатты.
Аудандық балалар кітапханасына саяхатқа барып, ойын жұмбақтарын шешіп, балалар аппликация жасады.
Аудандық Елубай Өмірзақов атындағы мәдениет үйіне барып, ән айтып, би биледі.
Бүгінгі күнді қызықты өткізіп, балалар үйлеріне тарады.
Аға тәлімгер: А.Тажибаева
Тәрбиешілер: О.Жумашева
Дене шынықтыру мұғалімі: А. Каскадамов
Шетел тілі мұғалімі: Мұрат.Т
#біртұтас_тәрбие
#жазғы_лагерь






