"Біртұтас тәрбие" бағдарламасын жүзеге асыру аясында мектебімізде денсаулық жақсарту алаңының бүгінгі күні "Салтанатты күн" деп аталды.
🔰 Денсаулықты жақсарту алаңының мақсаты: Балалардың жазғы демалысын тиімді, қызықты өткізуге мүмкіндік жасау. "Балапан" денсаулықты лагерінде балаларды қабылдап алып, таңертеңгі сергіту жаттығулары жасалды.
Балалар табиғат аясында демалып, түрлі қызықты ойындарды ойнады.
Мектеп асханасында балаларға тәттілер, шырын және балмұздақ таратылды.
Балалар көңілдерін көтеріп, флэшмоб биледі.
Мектеп басшысы Т. Коскадамова денсаулықты жақсарту алаңының 1- ауысымының жабылуына орай белсенді қатысқан балаларға МАДАҚТАМА тапсырды.
Балаларға Жастарды қолдау орталығының демеушілігімен сыйлықтар мен тәттілер таратылды.
Балаларымыз 1- ауысымды аяқтап, шаттанып үйлеріне тарады.
Аға тәлімгер: А.Тажибаева
Тәрбиешілер: А.Сапабекова
Ж.Сапабекова
Дене шынықтыру мұғалімі: А. Каскадамов
#біртұтас_тәрбие
#жазғы_лагерь






