"Біртұтас тәрбие" бағдарламасын жүзеге асыру аясында мектебімізде денсаулық жақсарту алаңының бүгінгі күні "Саяхат күні" тақырыбында өткізілді.
🔰Мақсаты: Балалардың жазғы демалысын тиімді, қызықты өткізуге мүмкіндік жасау. "Балапан" денсаулықты лагерінде балаларды қабылдап алып, лагерьдің ережелерін қайталап естеріне түсірдік. Таңертеңгі сергіту жаттығулары жасалды. Алишер Алматович балалар арасында жүгіруден жарыс ұйымдастырды.
Мектеп психологы Жортынбаева М. О. балалармен 'Құм терапиясы" тақырыбында тренинг өткізді. Психологиялық деңгейлік тапсырмалар беріп, суреттер салдырды.
Аудандық балалар кітапханасына саяхатқа барып, ойын жұмбақтарын шешіп, балаларға арналған әндерді орындады.
Аудандық Елубай Өмірзақов атындағы мәдениет үйіне барып, шағын ансамбль құрып, музыкалық аспаптарда күйлерді орындап үйреніп қайтты.
Бүгінгі күнді қызықты өткізіп, балалар үйлеріне тарады.
Аға тәлімгер: А.Тажибаева
Тәрбиешілер: А.Сапабекова
Ж.Сапабекова
Дене шынықтыру мұғалімі: А. Каскадамов






