⚜️⚜️⚜️
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасын жүзеге асыру аясында мектебімізде денсаулық жақсарту алаңының бүгінгі күні "Рекордтар күні" тақырыбында өткізілді.
🔰Мақсаты: Балалардың жазғы демалысын тиімді, қызықты өткізуге мүмкіндік жасау. "Балапан" денсаулықты лагерінде балаларды қабылдап алып, таңертеңгі сергіту жаттығулары жасаттық.
Дене шынықтыру мұғалімі А. Каскадамов "Ең жылдам" тақырыбында ойындар өткізіп, балалардың арасындағы ең жылдам жүгіретін "Жүйрік" баланы анықтады.
Мектеп мұражайында балаларға мектеп өмірінде өте жақсы нәтижелер көрсетіп, мектеп мақтанышына айналған түлектер туралы мәліметтер берілді.
Мектеп асханасында тәтті тоқаштар мен шырындарды 1- сыныптың ата- аналары лагерьде жүрген балаларға демеушілік жасап, тарту етті.
Содан кейін, аудандық өнер мектебіне барып, оқушылар жарыс түрінде өткізілген ойындарға белсене қатысты.
Аудандық мұражайға барып, "Ата Заң" туралы ойын- сабақа қатысып, өз ой- өрістерінің деңгейлерін көрсетіп қайтты.
Тәрбиешілер балаларды орталыққа апарып, қимыл- қозғалыс ойындарын ойнатты.
Бүгінгі күнді қызықты өткізіп, балалар үйлеріне тарады.
Аға тәлімгер: А.Тажибаева
Тәрбиешілер: А.Сапабекова
Ж.Сапабекова
Дене шынықтыру мұғалімі: А. Каскадамов
#біртұтас_тәрбие
#жазғы_лагерь






