2025 жылдың мамыр айында 5-сынып жетекшісі жазғы демалыс кезеңінде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ата-аналармен кездесу жұмыстарын жүргізді.
Сынып жетекші оқушылардың үйлеріне барып, жаз мезгіліндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстырды. Атап айтқанда, суға шомылу, жолда жүру, өрт қауіпсіздігі, бөгде адамдармен қарым-қатынас жасау, әлеуметтік желі мен интернеттегі қауіпсіздік туралы нұсқаулықтар берілді.
Бұл шара ата-аналар мен оқушылардың жазғы уақытта сақтық шараларын сақтауға және қауіптің алдын алуға бағытталған.
Сынып жетекші: А.Қ. Акпанбетова
#жазғы_демалыс
#қауіпсіздік_шаралары
#ата_анаға_нұсқаулық
#білім_алушыға_нұсқаулық