⚜️⚜️⚜️
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы шеңберінде мектебімізде іс-шаралар жүйелі түрде жүргізілуде.
23 мамыр күні, оқу жылының аяқталуына орай 9 -11 сыныптардың қатысуымен "Мектебім саған рақмет" тақырыбында тәлім сәт өтті. 2025 жыл "Әншуақ" байқауының қатысушысы, Жақсылық Назгүл "Тәуелсіз ел ұраны" атты әнімен іс-шараның шымылдығын ашты. Мемлекеттік гимн орындалып, ары қарай Аудандық білім бөлімінен келген әдіскеріміз А.Айдаралиевна құттықтау сөзін айтып, білім бөлімінің мадақтамасымен облыстық сайыстардың жеңімпаздарын марапаттады. Келесі сөзді мектеп басшысы Тамаша Шамелқызы кезекті құттықтауымен құттықтап, жыл бойы жақсы оқығаны үшін мақтау қағазымен білім алушыларды марапаттады. Сонымен қатар "Жыл оқушысы-2025" номинациясымен 8-сынып білім алушысы Ниязбек Ерқанат марапатталды.Келесі сөз тізгінін педагогикалық еңбек ардагерлері Рашила Каленқызы мен Гүлсара Шамшенқызы құттықтап, "Үздік педагог -2025", "Үздік сынып жетекші -2025" номинациясымен келесі педагогтарды құттықтады."Үздік сынып жетекші -2025" номинациясымен Жумашева О.О және А.Сапабекова.
"Үздік педагог -2025" номинациясымен Ж.Сапабекова мен А.Акпанбетова марапатталды.
Келесі құттықтау сөзін аудандық мәдениет үйінің қоюшы режиссері, М.Нокишов құттықтап жыл бойы аудан мәдениетіне өз үлесін қосқан білім алушыларды мақтау қағазымен марапаттады. Сонымен қатар мерекелік бағдарламада аудандық ұлттық би жарысына қатысып, жүлделі 1 орынға ие болған МАДсыныбының қыздарының биімен жалғасын тапты. Келесі кезекте 9-11 сыныптың жас түлектеріне берілді. Жас түлектер өздерінің мектеппен қимастық сезімдегі нөмірлерін көрсетті.
#біртұтас_тәрбие
#оқу_жылының_аяқталуы
#мектебім_саған_рақмет