#Оқу_айдары
#Біртұтас_тәрбие
1-сынып оқушыларымен “Қош бол, әліппе” атты
Әліппемен қоштасу ертеңгілігі аталып өтті.
Бүгін біз үшін ерекше әрі қуанышты күн! Әліппемен қоштасу мерекесі – білім жолындағы алғашқы жеңісімізді атап өтетін сәт. Әр әріпті танып, сөз құрап, оқып-жазуды үйренгеніміз – үлкен жетістік. Бұл жетістігімізде ұстаздарымыздың еңбегі зор, ал ата-аналарымыз бізге әрдайым қолдау көрсетті.
Әліппе – бізді білім әлеміне жетелеген алғашқы досымыз болды. Әр бетінде бізге қызықты ертегілер, жұмбақтар, өлеңдер ұсынды. Біз бұл кітаптан тек әріптерді ғана емес, өмірге қажетті алғашқы сабақтарды да алдық.
Енді біз білім баспалдағымен әрі қарай көтеріліп, жаңа пәндерді меңгереміз. Әліппеге алғысымыз шексіз, оны әрдайым жылы естелікпен еске алып жүреміз.
Бүгінгі мерекеміз әрқайсымыз үшін есімізде қалар ерекше күн болсын! Бәрімізге жарқын болашақ тілейміз!
Сынып жетекші: Жумашева. О.О