ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Сапар Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Сапара Ергалиева» отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области
с. Әйет, ул. Ельдеса Омарова, 3
8 (71436) 3-74-71
sh_ergalyeva@mailin-roo.edu.kz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Сапар Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Сапара Ергалиева» отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз

«ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫ-МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ» АТТЫ ЗИЯТКЕРЛІК БАЙҚАУЫ ӨТТІ!
🇰🇿2024 жылдың 11 желтоқсан күні гуманитарлық пәндер апталығында тіл мамандарының ұйымдастыруымен 7-10 сынып білім алушылары және ұстаздар қауымен «Тәуелсіздік тұғыры-мемлекеттік тіл» атты зияткерлік байқауы өтті.
Байқаудың негізгі мақсаты Тәуелсіздік пен мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, білім алушыларға ел тарихы, ұлттың ұлттық болмысы Алаштың арман еткен асқақ мұратын насихаттау.
Іс-шараның шымылдығын мектебіміздің басшысы Коскадамова Тамаш Шамелевна құттықтау сөзінде ұйымдастырылған шараның Тәуелсіздік пен мемлекеттік тілдің тұтас бір құндылықтың мызғымас тірегі екенін тілге тиек етіп, байқауға қатысушы білім алушылар мен ұстаздарға сәттілік тіледі.
Байқаудың басынан, соңына дейінгі кезеңдерге әділқазы мүшелері Ильясова С.А., Джақсылықова Р.Ж., Қабылдина М.Д. және Жортынбаева М.О. сайланды.
Байқауға мектебімізден «Алаш», «Сұңқар», «Жалын» және «Жастар» құрама командалары қатысты.
Сайысқа қатысушыларға барлық зияткерлік ойының ережелері таныстырылып, таныстыру, сұрақ-жауап айдары,сіз танитын тұлғалар және өнер бәйгесі кезеңдері бойынша өтті.
Шараның соңына дейін ұстаздар қауының құра комадасы білім алушыларға дес бермей, өз шығармашылығының қас шебері екендерін көрсетті.
Әділқазылардың әділ шешіммен саралай келе өз өнерлерін ортаға салып, шығармашыл көңіл-күй паш еткен «Жалын» тобы Гран-при алса, 🥇 орынды «Алаш» тобы иеленсе, кезекті 🥈 орынды «Сұңқар» тобы қанжығасына байласа, ал 🥉 орынды «Жастар» тобы меде тұтты.
Барлық қатысқан білім алушылар мен ұстаздар қауымына мектеп басшысының дипломдары және бағалы сыйлықтар табыс етілді.

© 2025. Все права защищены.